Instruction for Use

10
Қоршаған ортаны қорғау
Бума материалдарын тастау
Қаптама материалы қайта өңделуге
толығымен жарамды және ол қайта өңдеу
белгісімен (
) таңбаланған. Әртүрлі орам
материалдарын немқұрайлы тастай
салмаңыз, жауапкершілікпен, қоқысты
басқаруға қатысты жергілікті ережелерге сай
тастаңыз.
Қоқысқа тастау
Бұл құрылғыда 2012/19/EU Еуропаның электр
және электрондық құрылғыларды қоқысқа
тастау (WEEE) директивасына сәйкестік
белгісі бар.
Бұл өнімді дұрыс тастау арқылы қоршаған
орта мен адам денсаулығына кері әсер ететін
қауіп-қатер мүмкіндігінің алдын алуға
көмектесесіз.
Құрылғыдағы не онымен берілген
құжаттамадағы
белгісі бұл құрылғының
үй қоқыстарымен бірге тасталмай,
электрондық және электрлік құрылғыларды
қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау
орнына өткізу керектігін көрсетеді.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
Оңтайлы нәтижелер үшін келесі кеңесті
қараңыз:
Түпкі диаметрі пісіру аймағына сай келетін
табаларды және кастрөлдерді
пайдаланыңыз.
Тек түбі жалпақ кастрөлдер мен
табаларды ғана пайдаланыңыз.
Мүмкін болса, пісіру кезінде ыдыстардың
қақпағын жабыңыз.
Көкөністер, картоп сияқты тағамдарды
пісіргенде дайындау уақытын қысқарту
үшін аз су құйыңыз.
Қуат пен уақытты одан да көбірек үнемдеу
үшін қысыммен пісіретін ыдысты
қолданыңыз ("SENSOR" режимінен
басқасын).
Кастрөлді немесе табаны пеш
плитасының үстінде қызылмен
белгіленген пісіру аймағының ортасына
қойыңыз.
ЭКО дизайн туралы мәлімдеме
Бұл құрылғы EN 60350-2 Еуропалық стандартына сәйкес, №66/2014 Еуропалық ереженің
үнемді дизайн талаптарына сәйкес келеді.
Қолданар алдында
МАҢЫЗДЫ: егер кастрөлдердің және табалардың өлшемдері сәйкес
болмаса, пісіру аймақтары іске қосылмайды. Тек “ИНДУКЦИЯ
ЖҮЙЕСІ” белгісі бар (қарама-қарсы суретті көріңіз) кастрөлдерді ғана
пайдаланыңыз. Пешті қосуға дейін ыдысты қажетті пісіру аймағына
қойыңыз.