Instruction for Use

7
- Бұл құрылғы тек тұрмыста тамақ пісіру мақсатында үшін
қолдану үшін жасалған.
Басқа қолданыс түріне рұқсат етілмейді (мысалы,
бөлмелерді жылыту). Өндіруші дұрыс пайдаланбауға
немесе басқару құралдарын дұрыс орнатпауға қатысты
жауапкершілік көтере алмайды.
- Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалану
барысында қызады. Қыздыру элементтерін қолмен
ұстаудан абай болу керек. Кішкентай сәбилер (0-3 жас) мен
жас балалар (3-8 жас) үздіксіз бақылауда болмаса, оларды
құрылғыға жақындатуға болмайды.
- Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім
жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз
адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адам қадағаламаса
немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша нұсқау берілмесе
және төнетін қатерді түсінбесе, олардың қолдануына болмайды.
Балалардың құрылғының үстіне шығуына жол бермеңіз.
Қадағалау болмаса, балалардың құрылғыны пайдалануына,
тазалауына немесе жөндеу жүргізуіне рұқсат бермеңіз.
- Қолдану барысында және одан кейін құрылғының қыздыру
элементтерін қолмен ұстамаңыз. Құрылғының барлық
бөлшектері әбден суығанша киім немесе басқа жылдам
тұтанғыш заттарды тигізбеңіз.
- Жылдам тұтанғыш заттарды құрылғының үстіне немесе
маңайына қоймаңыз.
- Қатты қызған сұйық майлар мен тоңмайлар оңай тұтанады.
Құрамында тоңмай немесе сұйықмай мөлшері көп тағамды
пісірген кезде абай болыңыз.
- Құрылғының астындағы бөлікке бөлгіш тақта (құрылғымен
бірге келмейді) орнату қажет.
- Егер пісіретін беткі қабат шытынап кетсе, электр тоғы соғу
қатерінің алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз (тек шыны
беткі қабаты бар құрылғыларға қатысты).
- Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе қашықтан басқаратын
бөлек пульт арқылы жұмыс істеуге арналмаған.
- Құрамында тоңмайы немесе сұйық майы көп тамақты
пісірген кезде оны қараусыз қалдыру қауіпті болуы және өрт
шығуына әкелуі мүмкін. Отты ЕШҚАШАН да сумен өшіруге
тырыспаңыз, құрылғыны өшіріп, отты қақпақ немесе өрт
сөндіретін киіз сияқты бірнәрсемен жабыңыз.
Өрт қатері: Пісіретін беткі қабаттарда ештеңені қалдыруға
болмайды.