Instruction for Use

19

   
Қайнату
Ұзақ уақыт пісетін тағамдарды баяу қайнатуға қолайлы қуат
параметрін анықтайды. Томат тұздығын, рагу, көже,
минестроне дайындау үшін қолайлы, тұрақты пісіру деңгейін
ұстап тұрады. Бу пісіргіште тамақ пісіру үшін (кілегейлі
тұздықтар) және піскен тағамды жылыту үшін қолайлы. Бұл
мәзірлерді әзірлегенде жиі орын алатын тағамның тасуына,
ыдыс түбіне жабысуына, күйіп кетуіне жол бермейді. Бұл
функцияны тағам қайнау нүктесіне жеткенде қолданыңыз.
Еріту
Жұмсақ тағамдардың (мысалы, шоколад, сары май)
текстурасына әсер етпестен оларды баяу ерітуге қолайлы қуат
параметрін анықтайды.
Жылы ұстау
Тағамды жылы күйінде ұстауға немесе жылы күйінде ұсынуға
жарамды қуат параметрін анықтайды.
Sensor
Судың қайнау нүктесіне жеткенін автоматты түрде анықтап,
тағам қосылғанша қайнай беретін етіп қуатты азайтады. Су
қайнау нүктесіне жеткенде, дыбыстық белгі берліп, қажетті
құрамдастарды қосуға болатынын ескертеді (мысалы,
дәмдеуіштер, макарон, күріш, көкөніс, ет, балық). Сондай-ақ үй
консервілерін дайындауға және керек-жарақтарды
зарарсыздандыруға қолайлы.
Икемді
аймақ
Бұл функция екі пісіру аймағын бір үлкен пісіру аймағы ретінде
ұсынады, түбі төртбұрышты немесе сопақша ыдыстар мен
қақтама таба үшін қолайлы.
Тағамның үлкен кесектерін немесе бірнеше ұсақ бөліктерін
(мысалы, балық, кәуап, көкөніс, кесек ет, шұжық) бір мезгілде
қатар қақтауға арналған.
Орама немесе тұтас балық сияқты сұйықтық немесе сорпа
қосылған тағамдарды кәстрөлде/балық
табаларында/табаларда пісіру үшін.
Griddle
Қамтамасыз етілген жабдықпен ғана қолдануға арналып
жасалған. Бұл функция әр түрлі тағамдарды қақтауға аса
қолайлы қуат параметрін автоматты түрде анықтайды.
Функция керек-жарақтың дұрыс температураға дейін қызғаны
туралы белгі бергенше күтіңіз де, содан кейін тағамды
салыңыз. Пешпен бірге келген керек-жарақ жылуды біркелкі
таратып, кез келген тағам түрін, мысалы, ет, балық, көкөніс,
кәуап, кесек ет, гамбургер, балық кесектері, шұжық, ірімшік
сияқты тағамдардың тамаша қақталуын қамтамасыз етеді.