Instruction for Use

7
- Қуат сымының ұзындығы корпусқа орнатылған құрылғыны
электр желісіне жалғау үшін жеткілікті болуға тиіс.
- Қолданыстағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орнату үшін
кем дегенде 3 мм түйіспе аралығы бар көп бағытты қосқыш
қажет болады.
- Бірнеше розеткалы өтпеліктерді немесе ұзартқыш
сымдарды пайдалануға болмайды.
- Құрылғының қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
- Құрылғыны орнатқаннан кейін электрлік құрамдастарға
пайдаланушы жете алмайтын болуға тиіс.
- Бұл құрылғы тек тұрмыста тамақ пісіру мақсатында үшін
қолдану үшін жасалған.
Басқа қолданыс түріне рұқсат етілмейді (мысалы,
бөлмелерді жылыту). Өндіруші дұрыс пайдаланбауға
немесе басқару құралдарын дұрыс орнатпауға қатысты
жауапкершілік көтере алмайды.
- Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалану
барысында қызады. Қыздыру элементтерін қолмен
ұстаудан абай болу керек. Кішкентай сәбилер (0-3 жас) мен
жас балалар (3-8 жас) үздіксіз бақылауда болмаса, оларды
құрылғыға жақындатуға болмайды.
- Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім
жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
нұсқау берілмесе және төнетін қатерді түсінбесе, олардың
қолдануына болмайды. Балалардың құрылғының үстіне
шығуына жол бермеңіз. Қадағалау болмаса, балалардың
құрылғыны пайдалануына, тазалауына немесе жөндеу
жүргізуіне рұқсат бермеңіз.
- Қолдану барысында және одан кейін құрылғының қыздыру
элементтерін қолмен ұстамаңыз. Құрылғының барлық
бөлшектері әбден суығанша киім немесе басқа жылдам
тұтанғыш заттарды тигізбеңіз.
- Жылдам тұтанғыш заттарды құрылғының үстіне немесе
маңайына қоймаңыз.
- Қатты қызған сұйық майлар мен тоңмайлар оңай тұтанады.
Құрамында тоңмай немесе сұйықмай мөлшері көп тағамды
пісірген кезде абай болыңыз.