Instruction for Use

8
- Құрылғының астындағы бөлікке бөлгіш тақта (құрылғымен
бірге келмейді) орнату қажет.
- Егер пісіретін беткі қабат шытынап кетсе, электр тоғы соғу
қатерінің алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз (тек шыны
беткі қабаты бар құрылғыларға қатысты).
- Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе қашықтан басқаратын
бөлек пульт арқылы жұмыс істеуге арналмаған.
- Құрамында тоңмайы немесе сұйық майы көп тамақты
пісірген кезде оны қараусыз қалдыру қауіпті болуы және өрт
шығуына әкелуі мүмкін. Отты ЕШҚАШАН да сумен өшіруге
тырыспаңыз, құрылғыны өшіріп, отты қақпақ немесе өрт
сөндіретін киіз сияқты бірнәрсемен жабыңыз.
Өрт қатері: Пісіретін беткі қабаттарда ештеңені қалдыруға
болмайды.
- Бу тазалағыштарды қолданбаңыз.
- Пышақ, шанышқы, қасық пен қақпақ сияқты металл
заттарды пештің бетіне қоюға болмайды, себебі олар қызып
кетуі мүмкін.
- Пешті пайдаланып болғаннан кейін құрылғыны басқару
тетігімен өшіріңіз және таба анықтау функциясына сенбеңіз
(тек шыны беткі қабаты бар құрылғыларға қатысты).
  
- Бұл өнім қайта пайдалануға болатын материалдардан жасалған. Одан қалдықтан арылу
бойынша жергілікті ережелерге сәйкес арылыңыз. Құрылғыны қалдыққа тастамас бұрын
қуатпен жабдықтау кабелін қиып алыңыз.
- Тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану, қалпына келтіру және қайта пайдалануға
беру бойынша қосымша ақпарат алу үшін жергілікті құзыретті билік органына, тұрмыстық
қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз.