Instruction for Use

15
  
Бұл перне баяу қайнату, еріту немесе жылы күйінде сақтау функцияларын арнайы пісіру
аймағынан таңдау мүмкіндігін ұсынады.
Бұл аймақты таңдаған соң, пернесін басыңыз; арнайы функция таңбасының жанынан
индикатор шамы жанып, автоматты функция таңдалғанын көрсетеді. Қажетті функцияны
таңдау үшін пернесін бірнеше рет басыңыз.
 
Тағамды қайнатуға жеткізіп, баяу қайнату функциясын таңдау үшін тиісті пернені басыңыз;
қажетті қуат деңгейі автоматты түрде реттеліп, пеш баяу қайнатуға кіріседі. Функцияны
өшіру үшін, сырғытпалы сенсорлы тақтадан OFF пернесін басыңыз.

Бұл функция пісіру аймағында əрқашан төмен температураны сақтайды. Ыдысты/аяқты
таңдалған пісіру аймағына қойған соң, пісіру панелін қосып, қажетті аймақты таңдаңыз.
Функцияны таңдау үшін, пернесін бірнеше рет басыңыз. Функцияны өшіру үшін,
сырғытпалы сенсорлы тақтадан OFF пернесін басыңыз.
  
Тағамды жылы күйінде сақтауға жарамды қуат деңгейін анықтайды. Ыдысты/аяқты
таңдалған пісіру аймағына қойған соң, пісіру панелін қосып, қажетті аймақты таңдаңыз.
Функцияны таңдау үшін, пернесін бірнеше рет басыңыз. Функцияны өшіру үшін,
сырғытпалы сенсорлы тақтадан OFF пернесін басыңыз.

Бұл функция арнайы құралды қолданып, əртүрлі тағамдары грильдеу мүмкіндігін береді.
Қамтамасыз етілген жабдықты ғана қолданыңыз.
Басқа жабдықтарды қолдану функцияның жұмысына кері əсер етуі мүмкін.
Жабдықты “GRIDDLE” деп жазылған пісіру аймағына орналастырыңыз. пернесін
басыңыз, перне үстіндегі шам жанып, дипслейде “A” əрпі пайда болады.
Пісіру панелі жабдықты жылытуын аяқтағанда, əр 30 секунд сайын үш рет бипілдеген
дыбыс беріледі. Енді тағамды ыдысқа салуға болады. Екінші бипілден кейін минут санағыш
қажетті температураға қойылған жабдық уақытын санай бастайды.
ГРИДЛЬ функциясы қолданыста болғанда “икемді аймақ” пен “күшейткіш”
функциялары сол пісіру аймағынан қосылмайды.
i
i
 