KK IT Қолдану нұсқаулары
Бұл нұсқауларды www.kitchenaid.
Өнім сипаттамасы жəне таңбалар 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11.
Пешті қолдану туралы пайдалы кеңестер Пешті барынша тиімді пайдалану үшін, нұсқауларды оқыңыз. - Түбінің диаметрі жанарғы диаметрімен бірдей ыдыстарды қолданыңыз (осы парақтағы кестені қараңыз) - Уокқа арналған жанарғыдан басқалары үшін түбі жалпақ ыдыстарды қолданыңыз. - Тамақ пісіргенде су мөлшерін тым асырмаңыз жəне ыдыстың қақпағын қолданыңыз. - Табандардың ыдыс түбін толығымен қамтуын жəне ыдыстың табан шетінен шығып тұрмауын қадағалаңыз.
Сорғы жəне аралық саңылаулар (мм) Егер пештің үстіне сорғы орнату қажет болса, пештің үстінен қанша оны қалдыру қажет екенін сорғы нұсқауларынан қараңыз Ескеріңіз: Егер ас үйдегі қабырға сөрелердің өзара “А” ара қашықтығы 600-730 мм болса, “В” биіктігі кем дегенде 530 мм болуы тиіс. Егер қабырға сөрелердің өзара “А” ара қашықтығы пештің енінен артық болса, “В” биіктігі кем дегенде 400 мм болуы тиіс.
Ескертулер жəне кеңестер Пеш мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану үшін, нұсқауларды мұқият оқыңыз жəне кейін қолдану үшін сақтап қойыңыз. • Бұл нұсқаулар таңбасы пештің сериялық нөмір тақтасында көрсетілген елдер үшін ғана жарамды. • Орам материалдары (пластик дорбалар, полистирол, т.б.) балалар үшін қауіпті жəне қоқысқа тиісті жолмен тасталуы қажет. • Құрылғының тасымалдау кезінде зақымдалмағанын тексеріп, орнатуға дейін барлық қорғау орамдары мен үлдірлерін алыңыз. • Бұл пеш (кат.
Қоршаған ортаны қорғау Орам Орам материалдарын 100% қайта қолдануға болады жəне қайта қолдану таңбасымен белгіленген . Орам материалдарын тастағанда жауапкершілік танытыңыз жəне абайлаңыз. Өнім Бұл құрылғы 2012/19/EU Еуропаның электр жəне электрондық құрылғыларды қоқысқа тастау (WEEE) директивасына сай белгіленген. Бұл өнімді дұрыс тастау арқылы қоршаған орта мен адам денсаулығына кері əсер ететін қауіп-қатер мүмкіндігінің алдын алуға көмектесесіз.
Орнату Орнатушы маманға арналған техникалық ақпарат • Бұл құрылғыны қалыңдығы 20-40мм жұмыс беткейіне орнатуға болады. • Егер астына пеш орнату қажет болмаса, пісіру панелі мен шкаптың ортасына қорғаушы тақта салған дұрыс. Бұл тақта пісіру панелінің түбін түгел қамтуы тиіс жəне тақта мен панель арасында кем дегенде 20мм саңылау, ал жұмыс беткейі аралығында ең көп дегенде 150мм саңылау қалатындай орналастыру қажет. • Бұл құрылғы кез-келген KitchenAid пешімен үйлесімді жұмыс істеуге арналып жасалған.
Электр қосылымы Электр қосылымдарын ағымдағы заңнамаға сай, білікті маман орындауы тиіс. • Кернеу жəне қуат шығыны туралы ақпарат сериялық нөмір тақтасында көрсетілген. • Құрал жерге тұйықталуы тиіс. • Құрылғыны орнатқанда, бұл пешті 3мм қос полярлы қосқышпен қорғауға кеңес береміз. • Егер зақымдалса, қуат кабелін дəл осындай қуат кабелімен ауыстыру қажет ( H05V2V2-FT90 °C немесе H05RR-F түрі). Бұл əрекетті сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығы орындағаны дұрыс.
Əртүрлі газ жабдықтау түрлеріне бейімдеу Сериялық нөмір тақтасында жəне пештің артындағы қызыл-сары түсті жапсырмада көрсетілген газ жабдықтау түрінен басқа түрін қолдансаңыз, бүріккіштерді ауыстыру қажет болады; Уок жанарғысы үшін, негізгі ауаны бейімдеңіз (6-беттегі бүріккіш кестесін қараңыз). Қызыл-сары жапсырманы алып, нұсқаулықпен бірге сақтап қою қажет.
Уок жанарғысындағы бүріккіштерді ауыстыру A Арнайы жанарғыдағы бүріккіштерді ауыстыру үшін келесі əрекеттерді орындаңыз: 1. Таратқышты алыңыз (A). 2. Бүріккішті 7 кілтін қолданып, бұрап босатыңыз (В). 3. Бүріккіштерді ауыстырыңыз. 4. Таратқышты орнына салыңыз. Ескеріңіз: келесі нəрселерді қадағалаңыз: 1. Таратқышты ауыстырған соң(A) таратқыштың жанарғыға дұрыс орнатылуын. B Газ бұрағыштарды минималды деңгейге реттелуін Ағынды минималды деңгейге қою үшін бұрағышты ең төменгі күйіне қою қажет (аз жалын) .
Күтім жəне жөндеу Тазалау/немесе жөндеу алдында пешті қуат көзінен ажыратып, суығанша күтіңіз. Пешті күтіп ұстау үшін, əр қолданыстан кейін тамақ қалдықтарын алып, тазалау қажет. - Сіркесу, қыша, тұз немесе лимон шырыны сияқты қышқыл немесе сілтілі заттардың пештің үстінде ұзақ уақыт қалуына жол бермеңіз. - Шашырандыларды бірден сүртіп алған дұрыс (су, соус, кофе, т.б.). - Ысқыш өнімдер ыдыс жуатын ысқыштарды қолданбаңыз. - Бумен тазалағыштарды қолданбаңыз. - Жалындағыш өнімдерді қолданбаңыз.
Ақаулық жою нұсқаулығы 2. жанарғы саңылауларының терможұпқа ашық болуын. 3. терможұптың ұшының таза болуын. Егер пеш дұрыс жұмыс істемесе, Тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласуға дейін, осы нұсқаулықты қарап шығыңыз. Табандары тұрақты емес пе? Келесі нəрселерді тексеріңіз: 1. ыдыс түбінің біркелкі болуын. 2. ыдыстың жанарғының ортасына орналасуын. 3. темір табандардың резеңке аяқшаларының орнына салынып, дұрыс орналасуын.
Whirlpool Europe S.r.l. Viale G. Borghi, 27 - 21025 Comerio (VA) Phone 0332.759111 - Fax 0332.759268 www.whirlpool.