Setup and user guide

6
Тазалау
Ақаулықтарды шешу
Құрылғыңызды тазаламас бұрын, оның суығанына және электр көзінен ажыратылғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны зақымдай алатын бумен тазалағыш құрылғыларды, темір
ысқыштарды, қатты маталарды және коррозиялық жуғыш құралдарды пайдаланудан бас
тартқан жөн.
Пештің автоматты тазалау циклін пайдалану үшін Пайдалану нұсқаулығын немесе
www.kitchenaid.eu сайтын қараңыз.
Егер пешті пайдалануда ақаулықтар туындаса:
1. Алдымен электр тогының бар екенін тексеріп, пештің электр желісіне дұрыс жалғануын
тексеріңіз;
2. Ақаулықтың шешілгенін тексеру үшін пешті өшіріп, қайта қосыңыз;
3. Егер дисплейде қате кодынан кейін “F” әрпі жанса, жақын арадағы Тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Маманға келесі ақпаратты беру қажет: пештің нақты түрі мен үлгісі, көмекші коды (пеш
коды ашық күйде оң жақ шетте көрсетілген) және дисплейде көрсетілетін қате коды. Бұл
ақпарат маманға қажет жөндеу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Егер пешті жөндеу қажет болса, Өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.
Пеш керек жарақтарының саны сатып алынған үлгіге байланысты өзгешеленуі мүмкін.
Керек жарақтарды Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан бөлек сатып алуға болады.
ARTISAN КЕРЕК ЖАРАҒЫ
Artisan бу керек жарағы келесілерді қамтиды: әйнек қақпақ,
саңылаулы сөре, төгу науасы + қыздыру элементі және
тірек, ішкі розеткаға арналған қақпақ
Керек жарақтарды пайдалану нұсқаулығында немесе www.
kitchenaid.eu торабында көрсетілгендей құрастыру қажет.
Рецептіңізге сай су қосып, негізгі мәзірден Artisan
функцияларын іске қосыңыз.
Artisan керек жарағы өте жоғары температураға дейін қызуы мүмкін, сондықтан оны алу
немесе жылжыту кезінде пеш қолғаптарын пайдалану, сондай ақ, бумен пісіру циклінің
барысында су қоспау қажет.
Керек жарақтар және олардың функциялары туралы қосымша ақпарат алу үшін пайдалану
нұсқаулығын немесе www.kitchenaid.eu сайтын қараңыз.
Керек жарақтар