Setup and user guide

6
Тазалау
Ақаулықтарды шешу
Құрылғыңызды тазаламас бұрын, оның суығанына және электр көзінен ажыратылғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны зақымдай алатын бумен тазалағыш құрылғыларды, темір
ысқыштарды, қатты маталарды және коррозиялық жуғыш құралдарды пайдаланудан бас
тартқан жөн.
Егер пешті пайдалануда ақаулықтар туындаса:
1. Алдымен электр тогының бар екенін тексеріп, пештің электр желісіне дұрыс жалғануын
тексеріңіз;
2. Ақаулықтың шешілгенін тексеру үшін пешті өшіріп, қайта қосыңыз;
3. Егер дисплейде қате кодынан кейін “F” әрпі жанса, жақын арадағы Тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Маманға келесі ақпаратты беру қажет: пештің нақты түрі мен үлгісі, көмекші коды (пеш
коды ашық күйде оң жақ шетте көрсетілген) және дисплейде көрсетілетін қате коды. Бұл
ақпарат маманға қажет жөндеу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Егер пешті жөндеу қажет болса, Өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.
Толық пайдалану нұсқаулығын көру үшін www.kitchenaid.eu сайтын қараңыз.
Оған қоса, өнімдеріңізге қатысты басты аспазшымыздың немесе KitchenAid ас
әзірлеу мектебінде дайындалып тәжірибеленген қызық рецептілерді таба аласыз.
Торлы сөре
Тағам бірден бұл сөреде пісіріле алады немесе сөрені ыдыстар, пісіру кастрөлдері
немесе кез келген басқа пешке қауіпсіз пайдаланыла алатын контейнерлерді орнату
үшін қолдануға болады.
Тамшы сөресі
Бұл сөрені торлы сөренің астына орнату арқылы бөлінетін сөлдерді жинауға болады;
сондай ақ, ет, балық, көкністер, жалпақ нан, т.б. сөренің өзінде дайындауға болады.
Пісіру сөресі
Нан немесе нан өнімдері, сондай ақ қуырылған ет, пергамент ішінде балық, т.б. бұл
сөреде дайындала алады.
Гриль істігі
(бар болса)
Үй құсы және еттің үлкен кесектері бұл керек жарақтың көмегімен біркелкі
дайындалады.
Жылжымалы науа
бағыттауыштары
(бар болса)
Бұл бағыттауыштар сөрелер мен науалардың енгізілуін оңайлатады.
Ескеріңіз: Пеш керек жарақтарының саны сатып алынған үлгіге байланысты өзгешеленуі мүмкін.
Керек жарақтарды Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан бөлек сатып алуға болады.
Керек жарақтар