Instruction for Use

23
Функцияларды сипаттау кестесі
НЕГІЗГІ МӘЗІР
Функция
Функция Функция сипаттамасы
SETTINGS
(Параметрлер)
Дисплей параметрін орнату (тіл, уақыт, жарықтылық, дыбыстық
сигналдың деңгейі, қуат үнемдеу функциясы)
PROFESSIONAL
FUNCTIONS
(КӘСІБИ
ФУНКЦИЯЛАР) -
Roasting Bakery
Pastry (Кәсіби
функциялар
- Кондитер
өнімдерін қуыру)
Таңдалған тағам түріне, тамаша температураға сәйкес келетін
арнайы функциялар. Пеш бөлігі алдын ала жақсы қызып, автоматты
түрде дайын болады және әр рецептіге арналған цикл арқылы
пісіру үдерісі оңтайлы түрде басқарылады. Тиісті пісіру уақыттарына
("Roasting" Қуыру функциялары) қол жеткізу үшін ет сүңгісі жабдығын
қолдану мүмкіндігі бар. (РЕЦЕПТ КІТАПШАСЫН ҚАРАҢЫЗ).
TRADITIONAL
(Дәстүрлі)
ДӘСТҮРЛІ ФУНКЦИЯЛАРДЫ қараңыз
SPECIALS (Арнайы
мүмкіндіктер)
АРНАЙЫ ФУНКЦИЯЛАР тарауын қараңыз
ДӘСТҮРЛІ ФУНКЦИЯЛАР
FAST PREHEATING
(Жылдам алдын
ала жылыту)
Пешті жылдам алдын ала жылыту.
CONVENTIONAL
(ДӘСТҮРЛІ)
Кез келген тамақ түрін тек бір сөреде пісіруге арналған. 3-ші
сөрені пайдаланыңыз. Пицца, қышқыл пирогтарды және сұйық
толтырмалары бар тәттілерді пісіру үшін, 1-ші немесе 2-ші сөрені
пайдаланыңыз.
GRILL (ГРИЛЬ)
СТейк, кәуап және шұжықты қуыру үшін; ұнға аунатылған көкөністерді
дайындау және нанды қытырлату үшін. Тағамды 4-ші немесе 5-ші
сөреге қойыңыз. Еттен гриль жасаған кезде тағамның сөлін жинау
үшін май жинайтын табаны пайдаланыңыз.
Оны 3-ші/4-ші сөреге қойып, шамамен жарты литр су құйыңыз. Пешті
алдын ала қыздырудың қажеті жоқ. Пісіру барысында пеш есігі жабық
болуы қажет.
TURBOGRILL
(ТУРБОГРИЛЬ)
Үлкен ет кесектерін (жіліктер, қуырылған сиыр еті, тауықтар) қуыруға
арналған. Тағамды ортаңғы сөрелерге қойыңыз. Тағамның сөлін
жинау үшін май жинайтын табаны пайдаланыңыз. Оны 1-ші/2-ші
сөреге қойып, шамамен жарты литр су құйыңыз. Пешті алдын ала
қыздырудың қажеті жоқ. Пісіру барысында пеш есігі жабық болуы
қажет. Осы функцияда, істікті пайдалануға болады (жинақпен бірге
берілген жағдайда).
FORCED AIR
(Күшейтілген ауа)
Бір пісіру температурасын қажет ететін әр түрлі тағамдарды бірнеше
сөреде бір уақытта (мыс: балық, көкөністер, торттар) пісіруге
арналған. Бұл функцияны әр түрлі тағамдардың иістерін бір-біріне
сіңірмей пісіру үшін пайдалануға болады. Тек бір сөреде ғана пісіру
үшін 3-ші сөрені, екі сөреде пісіру үшін 1 және 4-ші сөрені, үш сөреде
пісіру үшін 1, 3 және 5-ші сөрелерді пайдаланыңыз.
CONVECTION BAKE
(Конвекциялық
пеш)
Сұйық толтырмасы бар ет және бәліштерді (қышқыл немесе тәтті) бір
сөреде пісіру үшін. 3-ші сөрені пайдаланыңыз. Тамақ пісірмес бұрын
духовканы алдын ала қыздырып алыңыз.