Instruction for Use

Тазалау
Пештерді пиролит функциясымен тазалау
(егер бар болса):
- Пиролит циклы кезінде пешке қол
тигізбеңіз.
- Пиролит циклы кезінде балаларды
пештен алыс ұстаңыз
- Пиролит циклы кезінде және пиролиттен
кейін жануарларды алыс ұстаңыз.
Бұл функция тағам пісіру барысында
шашыраған қалдықтарды шамамен 500°C градус
температурамен күйдіреді. Осы жоғары
температурада қалдықтар жеңіл күлге
айналады және оларды пеш салқындағаннан
кейін дымқыл шүберекпен оңай тазалауға
болады.
Пиролитпен тазалау функциясын пешті
пайдаланып болған сайын таңдамаңыз, пеш
қатты ластанған кезде немесе алдын ала
қыздыру немесе пісіру кезінде түтін немесе иіс
шыққан кезде ғана пайдаланыңыз.
Егер пешті пеш алаңының астына
орнатсаңыз, өздігінен тазалау (пиролит)
функциясы қосылып тұрған кезде барлық
оттықтарды немесе электрлі оттықтарды
сөндіру керек.
Керек-жарақтардың барлығын пиролитпен
тазалау функциясын қосу алдында (бүйірлік
торларды да) алыңыз.
Пиролит функциясын таңдау алдында
желдеткіштің дөңгелек, тот баспайтын темір
қақпағындағы (Twelix Disc) және пеш есігінің
ішкі шынысындағы жолақтарды дымқыл
жөкемен тазалаңыз.
Құрылғы 2 пиролит функциясымен жабдықталған:
1. Қуатты үнемдеу циклы (PYRO
EXPRESS/ECO) (ПИРОЛИТ ЭКСПРЕСС/ЭКО):
бұл стандартты циклға қарағанда қуатты
шамамен 25% аз пайдаланады. Уақытылы
таңдаңыз (2 немесе 3 рет қатарынан ет
пісіргеннен кейін).
2. Стандартты цикл (PYRO) (ПИРО): бұл өте
лас пешті тазалауға арналған цикл.
Дегенмен, белгілі бір уақыт бойы қолданғаннан
кейін немесе пештің қаншалықты лас екеніне
байланысты, пештің дисплейінде хабар пайда
болып, өзіндік тазалау циклын қосу керек
екенін хабарлайды.
Ескертпе: пиролитпен тазалау циклы кезінде
пештің есігі ашылмайды; ол пештің ішіндегі
температура қауіпсіз деңгейге жеткенше
жабық қалпы тұрады.
ЕСКЕРТУ
- Қорғайтын қолғаптарды пайдаланыңыз.
- Келесі әрекеттерді орындау алдында пештің салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Құрылғыны қуат көзінен ағытыңыз.
ЕСІКТІ АҒЫТЫП АЛУ
Есікті ағытып алу үшін:
1. Есікті толық ашыңыз.
2. Бекітпелерін көтеріп, алға қарай шегіне дейін итеріңіз (1-сурет).
3. Есікті толық жабыңыз да (A), көтеріңіз (B) және оны (C) босағанша
айналдырыңыз (D) (2-сурет).
Есікті қайта салу үшін:
1. Топсаларын орындарына
салыңыз.
2. Есікті толық ашыңыз.
3. Екі бекітпені төмендетіңіз.
4. Есікті жабыңыз.
ЕСКЕРТУ
Күтім көрсету
(1-сурет)
(2-сурет)
11