Instruction for Use

MEAT PROBE (ЕТ СҮҢГІСІ)
Жинақпен бірге берілген ет сүңгісі, тағамның керемет болып пісуін
қамтамасыз ету үшін тағамның ішкі температурасын 0° және 100°C
градус аралығында нақты анықтауға мүмкіндік береді. Пісіп жатқан
тағамға қарай отырып, қажетті ішкі температураны орнатуға болады.
Тамаша пісіру нәтижелеріне қол жеткізу үшін сүңгінің орнын нақты
анықтау өте маңызды болып табылады. Ет сүңгісін тағамның майлы
және сүйегі бар тұстарына тигізбей, қоңды жеріне толығымен сұғыңыз
(A-суреті). Ет сүңгісін құс еттерінің бүйір жақ тұстарына, төсінің қақ
ортасына, ет сүңгісінің ұшы бос жерде қалмайтын етіп шаншу керек (B-
суреті). Егер еттің қалыңдығы әр түрлі болса, оны пештен алмас бұрын
дұрыс піскеніне көз жеткізіңіз. Сүңгінің ұшын пеш корпусының оң жақ
қабырғасында орналасқан тесікке сұғыңыз.
Сүңгіні келесі функциялармен пайдалануға болады:
• Conventional (Дәстүрлі)
Convection Bake (Дәстүрлі пісіру)
Forced Air (Желдеткішпен пісіру)
Turbogrill (Турбо гриль)
Tweli-grill (Tweli-гриль) (бар болса)
Slow Cooking Meat (Етті баяу пісіру) және Slow Cooking Fish (Балықты баяу пісіру)
• Кәсіби қуыру.
Егер ет сүңгісі сұғылмаса, тағам пісірудің дәстүрлі режимі (1-
сурет) орнайды, әйтпесе, дисплейде ет сүңісінің қосылмағаны
туралы хабар пайда болады (2-сурет). Растау хабары
көрсетілгеннен кейін дисплейде барлық таңдалған пісіру
параметрлері көрінеді:
- үстіңгі сол жақта (1-алаң) пештің температурасы;
- үстіңгі оң жақта (3-алаң) тағамның қажетті ішкі температурасы
(ет сүңгісі, 3-суретте көрсетілгендей).
Тағам пісіре бастау үшін, “Browse” (Шарлау) тетігін меңзерді
“Start” (Бастау) қалпына қою үшін бұрап, содан кейін
түймешігін басыңыз.
Пісіру экранының астыңғы оң жағында (4-алаң) тағамның
“қазіргі” ішкі температурасы көрінеді (4-сурет). Бастапқы екі
минутта (ет сүңгісі, 4-суретте көрсетілгендей) тағамның қажетті
температурасын өзгертуге болады. Екі минуттан кейін бұл
параметрдің орнына пісіру уақыты пайда болады (5-сурет).
Нақты тағамға қажетті ішкі температура орнағаннан кейін соған
қатысты хабар дисплейде 3 секунд көрінеді (6-сурет). Сонымен
қатар, пеш “Browse” (Шарлау) тетігін + қалпына қарай бұрап,
пісіру уақытын ұзарту опциясын ұсынады. Егер ешбір түймешік
басылмаса, тамаша нәтижелерге қол жеткізу үшін пеш 6 минут
пісіруді жалғастырады. Егер пісіру уақыты ұзарса, ол экранның
үстіңгі оң жағынан көрінеді (3-алаң). Пісіріп болғаннан кейін
дисплейде тағамды “қызартуға” (қолданылатын функцияларда)
болатыны туралы хабар көрінеді.
ЕСКЕРІМ:
1. Пісіруді бастағаннан кейін екі минут өткен кезде, тағамның
қажетті ішкі температурасын өзгерту үшін ет сүңгісін ағытып,
содан кейін қайта жалғау керек.
2. Егер ет сүңгісін функция таңдалмай тұрып салсаңыз, тек
алдын ала қыздыру циклы жоқ пісіру функцияларын ғана
таңдауға болады. Алдын ала қыздыруды қажет ететін
рецептілер үшін, алдын ала қыздырып болғаннан кейін ғана
тағамға ет сүңгісін салыңыз.
3. “Pro Roasting” (Кәсіби қуыру) функциясында барлық
рецептілер үшін алдын ала қыздыру циклы қажет. Сондай-ақ,
алдын ала қыздыру циклы аяқталмай тұрып, тағамды немесе
ет сүңгісін салмаңыз.
Пешті пайдалануға қатысты нұсқаулар
A-суреті
B-суреті
22
Conventional
--:--
COOK TIME
180°C
TEMPERATURE
YES
PREHEAT.
--:--
END TIME
Conventional
100°C
MEAT PROBE
150°C
TEMPERATURE
79°C
CURRENT
Meat probe
has been connected
Conventional
100°C
MEAT PROBE
150°C
TEMPERATURE
Conventional
00:10
TEMPO COTTURA
150°C
TEMPERATURE
79°C
CURRENT
Temperature reached
30:00
COOK TIME
150°C
TEMPERATURE
100°C
CURRENT
1-сурет
2-сурет
3-сурет
4-сурет
6-сурет
5-сурет