Instruction for Use

Функцияларды сипаттау кестесі
НЕГІЗГІ МӘЗІР
Функция Функция Функцияның сипаттамасы
SETTINGS
(ПАРАМЕТРЛЕР)
Дисплей параметрін орнату (тіл, уақыт, жарықтылық, дыбыстық сигналдың деңгейі, қуат
үнемдеу функциясы)
PROFESSIONAL
FUNCTIONS (КӘСІБИ
ФУНКЦИЯЛАР)-
Кондитер өнімдеріy
қуыру
Таңдалған тағам түріне, тамаша температураға сәйкес келетін арнайы функциялар. Пеш
бөлігі алдын ала жақсы қызып, автоматты түрде дайын болады және әр рецептіге
арналған цикл арқылы пісіру үдерісі оңтайлы түрде басқарылады. Қуыру
функцияларына барынша сай келетін пісіру уақыттары үшін ет сүңгісі жабдығын
қолдану мүмкіндігі бар. (РЕЦЕПТ КІТАПШАСЫН ҚАРАҢЫЗ).
TRADITIONAL
(ДӘСТҮРЛІ)
АРНАЙЫ ФУНКЦИЯЛАРДЫ қараңыз
SPECIALS
(АРНАЙЫ ТАҒАМДАР)
АРНАЙЫ ФУНКЦИЯЛАР тарауын қараңыз
ДӘСТҮРЛІ ФУНКЦИЯЛАР
FAST PREHEATING
(ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ)
Пешті жылдам қыздыруға арналған.
CONVENTIONAL
(ДӘСТҮРЛІ)
Кез келген тағамды тек бір ғана деңгейде пісіреді. 3-ші сөрені пайдаланыңыз. Пицца,
қышқыл бәліш және сұйық толтырмасы бар тәтті тағамдарды пісіруге арналған, 1-ші
немесе 2-ші сөрені пайдаланыңыз.
GRILL (ГРИЛЬ)
Стейк, кебаб және шұжықтарды пісіруге арналған; көкөніс гратині және тост нанын
дайындауға арналған. Тағамды 4-ші немесе 5-ші сөреге қойыңыз. Еттен гриль жасаған
кезде тағамның сөлін жинау үшін май жинайтын табаны пайдаланыңыз.
Оны 3-ші/4-ші сөреге қойып, шамамен жарты литр су құйыңыз. Пешті алдын ала
қыздырудың қажеті жоқ. Тағам пісіру кезінде пештің есігі жабық тұруға тиіс.
TURBOGRILL
(ТУРБО ГРИЛЬ)
Етті үлкен кесектерін (сирақтар, ростбиф, тауық) қуыруға арналған. Тағамды сөрелердің
ортасына қойыңыз. Тағамның сөлін жинау үшін май жинайтын табаны пайдаланыңыз.
Оны 1-ші/2-ші сөреге қойып, шамамен жарты литр су құйыңыз. Пешті алдын ала
қыздырудың қажеті жоқ. Тағам пісіру кезінде пештің есігі жабық тұруға тиіс. Осы
функцияда, егер жинақпен бірге берілген істік бар болса пайдалануға болады.
TWELI-GRILL
(TWELI-ГРИЛЬ)
Еттен, балық және көкөністен бір немесе екі сөре деңгейін пайдаланып гриль жасауға
арналған. Гриль жасалатын тағам қойылған грильді 5, 4 немесе 3-ші деңгейге қойыңыз
(тағамның мөлшерін, қажетті қызарту деңгейін ескеріп, тағамды грильге неғұрлым
жақындатса, соғұрлым қызаратынын есте ұстап, ең оңтайлы орынды таңдаңыз). Көп
мөлшердегі тағамнан гриль жасау үшін екі тор сөрені 5 және 3-ші деңгейлерге
орналастырыңыз. Үстіңгі сөредегі тағам қанағаттанарлық деңгейде қызарған кезде, екі
сөренің орындарын ауыстырып, пісіруді аяқтаңыз. Осылайша екі сөредегі тағамды
біркелкі қызартып, бір температурада тұрған кезінде бір уақытта үстелге тартуға
болады. Тағамның сөлін жинау үшін май жинайтын табаны пайдаланыңыз. Оны 1-ші/2-ші
сөреге қойып, шамамен жарты литр су құйыңыз. Пешті алдын ала қыздырудың қажеті
жоқ.
FORCED AIR
(ЖЕЛДЕТКІШПЕН
ПІСІРУ)
Бірнеше сөреде (ең көбі үш) бір пісіру температурасын қажет ететін әр түрлі
тағамдарды (мысалы, балық, көкөністер, торт) бір уақытта пісіруге арналған. Бұл
функцияны әр түрлі тағамдардың иістерін бір-біріне сіңірмей пісіру үшін пайдалануға
болады. Тек бір сөреде ғана пісіру үшін 3-ші сөрені, екі сөреде пісіру үшін 1 және 4-ші
сөрені, үш сөреде пісіру үшін 1, 3 және 5-ші сөрелерді пайдаланыңыз.
CONVECTION BAKE
(ДӘСТҮРЛІ ПІСІРУ)
Сұйық толтырмасы бар ет және бәліштерді (қышқыл немесе тәтті) бір сөреде пісіру
үшін. 3-ші сөрені пайдаланыңыз. Пешті тағам пісірудің алдында қыздырыңыз.
26