Instruction for Use

33
Пісіру кестесі барлық рецептілерде тамаша нәтижеге қол жеткізу үшін барынша сай
келетін функция мен пісіру температурасын ұсынады. Егер конвекциямен пісіру
функциясын пайдаланып бір сөреде ғана пісіргіңіз келсе, тағамды үшінші сөреге қойып,
бірнеше сөреде пісірген кезде ұсынылатын FORCED AIR (ЖЕЛДЕТКІШПЕН ПІСІРУ)
функциясына арналған температураны таңдаңыз.
Кестеде берілген параметрлер сырғытпа бағыттағыштарды пайдалануды есепке
алмаған. Сынақтарды сырғытпа бағыттағыштарды пайдаланбай орындаңыз.
* Жинақпен бірге берілмеген керек-жарақтарды тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығынан сатып алуға болады.
** Тағамнан гриль жасаған кезде пештен алған кезде оңай болу үшін алдыңғы жағынан 3-
4 см орын қалдырыңыз
Қуат үнемдеу сыныбы (EN 60350-1:2013-07 стандарты бойынша)
Сынақтарды өткізу үшін тиісті кестені пайдаланыңыз
Қуатты пайдалану және алдын ала қыздыру уақыты
Функцияны таңдап, “Preheating” (Алдын ала қыздыру) опциясын ғана қосып сынақты
орындаңыз. (“Алдын ала қыздыру, иә”)
Сынақтан өткізілген рецептілер кестесі
Пісіру кестесін қалай оқу керек:
Кестеде бір немесе бірнеше сөреде қатар пісірілетін тағам үшін пайдалануға барынша сай
келетін функция көрсетіледі. Пісіру уақыты тағам пешке қойылған кезден басталады,
алдын ала қыздыру уақыты кірмейді (қажет болса). Пісіру температуралары мен
уақыттары тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген және тағамның мөлшеріне,
қолданылған керек-жараққа байланысты. Ұсынылған ең төмен параметрді пайдаланып
бастаңыз, егер тағам жеткілікті піспесе, жоғарырақ параметрлерді пайдаланыңыз.
Жинақпен бірге берілген керек-жарақтарды пайдаланыңыз, мүмкіндігінше баран түсті
темір торт қалыптарын және пеш науаларын пайдаланыңыз. Сонымен қатар, пирекс
немесе керамика ыдыстарды пайдаланыңыз, бірақ пісіру уақыттары ұзағырақ болатынын
ескеріңіз. Барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әр түрлі сөрелерге қойылатын
керек-жарақтарды таңдаған кезде пісіру кестесіндегі ұсынысты (жинақпен беріледі)
мұқият орындаңыз.
Әр түрлі тағамдарды бір уақытта пісіру
FORCED AIR (ЖЕЛДЕТКІШПЕН ПІСІРУ) функциясын пайдаланып бір уақытта бірдей пісіру
температурасын қажет ететін әр түрлі тағамдарды (мысалы, балық және көкөністер) әр
түрлі сөрелерді пайдаланып пісіруге болады. Азырақ пісіру уақытын қажет ететін тағамды
пештен алып, ұзағырақ пісіру уақытын қажет ететін тағамды қалдырыңыз.
Десерттер
- Нәзік десерттерді дәстүрлі функциямен бір сөреде ғана пісіріңіз. Баран түсті темір
қалыптарды пайдаланып, олады әрқашан жинақпен бірге берілген тор сөренің үстіне
қойыңыз. Бірнеше сөреге қойып пісіру үшін желдеткішпен пісіру функциясын таңдап,
торт қалыптарын сөрелерге орналастырып, ыстық ауаның барынша жылдам айналуына
мүмкіндік беріңіз.
- Көтеріліп тұрған торттың піскен-піспегенін тексеру үшін торттың ортасына ағаш тіс
тазалайтын талды сұғыңыз. Егер тіз тазалайтын талды алған кезде таза болса, торт
дайын.
- Зат жабыспайтын торт қалыптарын пайдалансаңыз, жиектерін майламаңыз, себебі,
торттың шеттері біркелкі көтерілмеуі мүмкін.
- Торт пісіру барысында “отырып” қалса, келесі жолы төменірек температураны
орнатыңыз және қоспаның суын азайтып, оны барынша баппен араластыру қажет
болуы мүмкін.
Ұсынылатын пайдалану жолы және ақыл-кеңес