Instruction for Use

34
Ұсынылатын пайдалану жолы және ақыл-кеңес
- Сұйық толтырмасы бар тәтті тағамдар үшін (чизкейк немесе жеміс бәліштері)
“CONVECTION BAKE” (КОНВЕКЦИЯМЕН ПІСІРУ) функциясын пайдаланыңыз. Егер
торттың астыңғы жағы сулы болса, толтырмасын салудың алдында температураны
төмендетіп, торттың астыңғы жағына нанның немесе печеньенің қоқымдарын себіңіз.
Meat (Ет)
- Пісірілетін еттің мөлшеріне сәйкес келетін пеш науасын немесе пирекс ыдысын
пайдаланыңыз. Ет кесектерін қуыру үшін тағамның астына шамалы сорпа қосып, пісіру
кезінде еттің дәм-татымын келтіруге болады.
Осы процедура кезінде көп мөлшерде бу бөлінетін болғандықтан өте абай болыңыз.
Қуырылған ет дайын болған кезде тағы 10-15 минут қойыңыз немесе алюминий
жұқалтырға ораңыз.
- Еттен гриль жасағыңыз келсе, біркелкі нәтижеге қол жеткізу үшін барлық жері бірдей
қалың кесектерді таңдаңыз. Еттің өте қалың кесегін пісіру үшін ұзақ уақыт қажет.
Еттің сыртқы жағы күйіп кетпеу үшін сөренің деңгейін төмендетіп, тағамды грильден
алыс ұстаңыз. Пісіру уақытының үштен екісі өткен кезде етті аударып, пештің есігін
ашқан кезде бу шалып кетпеу үшін абай болыңыз.
Тағамның сөлін жинау үшін жарты литр су құйылған май жинайтын табаны, тағам
қойылатын грильдің астына қойыңыз. Қажет болса тағы құйыңыз.
Дәстүрлі функциялармен тағам пісіруге қатысты нұсқаулар
Істік (кей үлгілерде ғана бар)
Ет пен құс етінің үлкен кесектерін қуыру үшін осы керек-жарақты пайдаланыңыз. Науасын
екінші сөре деңгейіне қойыңыз. Етті істікке орнатып, егер құс етін пісірсеңіз, ас үй жібімен
байлап, содан кейін еттің екі ұшын екі арнайы шанышқымен бекітіп, еттің істікте орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз. Істікті пештің алдыңғы қабырғасындағы тесікке салып, тіректің
үстіне қойыңыз. Түтіннің пайда болуына жол бермеу және тағам сөлін жинау үшін кемінде
жарты литр су құйылған май жинайтын науаны бірінші сөреге қоюды ұсынамыз. Білікшенің
пластик тұтқасы бар, оны тағам пісіруді бастамай тұрып алу керек және тағам пісіріп
болғаннан кейін пештен алған кезде күйіп қалмау үшін пайдалануға болады.
Пицца
Науаларды шамалы майлап, пицца қыртысының қытырлақ болуын қамтамасыз етіңіз.
Моцарелланы пиццаның үстіне пісіру уақытының үштен екісі өткен кезде себіңіз.
Қамыр тындыру функциясы (тек кей үлгілерде ғана бар)
Қамырды пешке қою алдында әрқашан дымқыл шүберекпен жапқан дұрыс. Осы
функцияны қолданғанда қамырды тындыру уақыты бөлме температурасында
тындырғанға қарағанда шамамен үштен бір есеге дейін азаяды.
(20-25°C). 1 кг пицца қамырын тындыру уақыты шамамен бір сағат.
Рецепт
Сөре
(астынан санағанда)
Ұсынылатын пісіру
температурасы
Ұсынылатын аяқтау
температурасы
ет сүңгісі (°C)
Шала қуырылған сиыр еті 2/3 200 - 220 48
Орташа қуырылған сиыр еті 2/3 170 - 190 60
Жақсы қуырылған сиыр еті 2/3 170 - 190 68
Қуырылған күркетауық еті 1/2 150 - 170 75
Қуырылған тауық еті 2/3 200 - 210 83
Қуырылған шошқа еті 2/3 170 - 190 75
Қуырылған бұзау еті 2/3 160 - 180 68