Instruction for Use

Қоршаған ортаны қорғау
Орам материалдарын тастау
Орам материалдарын 100% қайта
өңдеуден өткізуге болады және оларға
қайта өңдеу таңбасы салынған.
Сондықтан да, орам материалдарының
әр түрлі бөліктерін жауапкершілікпен,
қоқыстарға қатысты жергілікті уәкілетті
мекемелердің заңнамаларын толық
орындап тастау керек.
Құрылғыны жарамсыз етіп тастау
Бұл құрылғыға Еуропалық Одақтың
Қоқысқа тасталатын электр және
электроника құрылғыларына арналған
2012/19/EО (WEEE) стандарты бойынша
таңба салынған.
Осы құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау
арқылы пайдаланушы қоршаған ортаға
және адам денсаулығына теріс әсер
ететін жағдайларға жол бермеуге
көмектеседі.
Құрылғыдағы, оның ілеспе
құжаттарындағы таңба, бұл
құрылғыны тұрмыстық қоқыс тәрізді
тастамау керек екенін және электр
және электроника құрылғысын қайта
өңдеу үшін жинайтын арнайы орталыққа
тапсыру керек екенін көрсетеді.
Қуат үнемдеуге қатысты ақыл-кеңестер
Пешті егер пісіру кестесінде немесе
рецептіңізде көрсетілсе ғана алдын ала
қыздырыңыз.
Баран лакпен қапталған немесе эмаль
пісірме қалыптарды ғана пайдаланыңыз,
себебі олар қызуды барынша жақсы
сіңіреді.
Тағам пісіруге арналған бұл пеш Еуропалық стандартқа ( ) n.1935/2004 сай келеді
және “Төмен кернеу” стандартына 2006/95/CE
(73/23/CEE және оның кейінгі өзгертулерінің орнына қолданылатын) және “Электр
магниттік сыйысымдылық” “EMC” 2004/108/CE стандартына сәйкес жасалған, өндірілген
және сатылған.
Бұл құрылғы EN 60350-1 стандартының n. 65/2014 және n. 66/2014 стандарттары
бойынша Еуропалық заңнаманың эко дизайны талаптарына сәйкес келеді.
ЕК Сәйкестік құлақтандыруы
Пеш жұмыс істемейді:
Негізгі электр желісінде тоқтың бар-жоғын және пештің қуат көзіне қосылған-
қосылмағанын тексеріңіз.
Пешті сөндіріп, содан кейін қайта қосып ақаудың бар-жоғын тексеріңіз.
Электронды бағдарламалағыш жұмыс істемейді:
Егер дисплейде “F” әрпі, одан кейін сан көрсетілсе, жақындағы тұтынушыларға қолдау
көрсету қызметіне хабарласыңыз. “F” әрпінен кейін көрсетілген ақау нөмірін айтыңыз.
Ақаулықты түзету бойынша нұсқаулар
9