User guide

141
KK
Үндеткішті құрылғымен жұптастыру
Егер үндеткішті құрылғымен жұптастырған болсаңыз, екі
құрылғыны қосу жеткілікті болады. Әйтпегенде, келесі
әрекеттерді орындаңыз.
1. Негізгі ажыратқышты Bluetooth күйіне сырғытыңыз.
Үндеткіш әлдеқашан жұптастырылған құрылғыны іздеу
кезінде, күй индикаторы 6 рет көк түсте жыпылықтайды. Егер
ешқандай құрылғы табылмаса, күй индикаторы қызыл және
көк түсті болып жыпылықтайтын болады.
2. Басқа құрылғыдағы іздеу режимін іске қосыңыз. (Егер қажет
болса, мәлімет алу үшін басқа құрылғының нұсқаулығын
қараңыз.)
3. Үндеткіш табылған құрылғы ("Leitz 6358") болып пайда болса,
оны таңдаңыз.
4. Егер сұралса, код немесе құпия сөз ретінде "0000" енгізіңі.
Қосылым орнатылған соң, жарық диодты сақина тұрақты
көк түсті болып жанады да. Енді дыбысты үндеткіш арқылы
шығаруға және басқаруға болады.
Ескерім: Bluetooth арқылы жұптастырылған құрылғы қолдау
көрсетілген протоколдарға сәйкес жұмыс істейді. Мысалы,
смартфондар, әдетте HFP (Hands-free prole) және A2DP
(Advanced Audio Distribution Prole) протоколын пайдаланады.
Сондықтан, бұл жағдайда үндеткіш қоңырауларды да және
дыбыстың шығуын да басқарады. A2DP протоколы ғана бар
MP3 ойнатқыш тек дыбыс шығарады және қарапайым ұялы
телефонмен тек қоңыраулар қабылданады.