User manual

ЖИНАУ ЖƏНЕ ДАЙЫНДАУ 15
ҚАЗАҚША
Қабырғаға орнату
Теледидардың артындағы қабырғаға бекіту
кронштейнін орнатып, кронштейнді еденге
перпендикуляр қабырғаға орнатыңыз. Теледидарды
басқа құрылыс бөліктеріне орнату үшін, білікті
мамандарға хабарласыңыз.
LG компаниясы қабырғаға бекітуді білікті кəсіби
орнатушы орындауын ұсынады.
10 cм
10 cм
10 cм
10 cм
Міндетті түрде VESA стандартына сəйкес келетін
бұрандаларды жəне қабырғаға бекіту қапсырмасын
қолданыңыз. Қабырғаға бекіту жинақтарының
стандартты өлшемдері төмендегі кестеде берілген.
Бөлек сатылады (Қабырғаға бекіту қапсырмасы)
Үлгі 22/24LB45** 28LB45**
VESA (A x B) 75 x 75 100 x 100
Стандартты
бұранда
M4 x L10
Бұрандалар саны
4
Қабырғаға
кронштейні
LSW140
A
B
ЕСКЕРТУ
Алдымен қуатты ажыратыңыз, содан
кейін теледидарды жылжытыңыз немесе
орнатыңыз. Əйтпесе, электр тоғы соғуы
мүмкін.
Төбеге немесе қисық қабырғаға орнатылса,
теледидар құлап, ауыр жарақат тудыруы
мүмкін.
Рұқсат етілген LG қабырға бекіткішін
пайдаланыңыз жəне жергілікті дилерге немесе
білікті қызметкерлерге байланысыңыз.
Үшінші тараптың қабырғаға орнату
кронштейнін қолданғанда, ол кепілдікпен
қамтылмайды.
Бұрандаларды тым қатты бұрамаңыз:
теледидар зақымданып, кепілдік күшін жоюы
мүмкін.
VESA стандартына сəйкес келетін бұрандалар
мен қабырға бекітпелерін қолданыңыз. Дұрыс
қолданбау немесе сəйкес келмейтін қосалқы
құралды пайдалану нəтижесінде болған
зақымдар мен жарақаттар кепілдікке кірмейді.
Арты қақпақтың сыртқы бетіндегі бұранда
ұзындығы 8 мм-ден аспауы тиіс.
Қабырғаға бекіту тақтасы
Артқы қақпағы
Стандартты
бұранда
: M4 x L10
Қабырғаға бекіту
тақтасы
Артқы қақпағы
Макс.8mm
ЕСКЕРТПЕ
VESA стандартты бұранда сипаттамаларында
берілген бұрандаларды ғана пайдаланыңыз.
Қабырғаға бекіту жинағына орнату нұсқаулығы
мен қажетті бөлшектер кіреді.
Қабырғаға бекіту қапсырмасы қосымша
бөлшек болып табылады. Қосымша қосалқы
құралдарды жергілікті дилерден алуға
болады.
Бұрандалардың ұзындығы қабырға бекітпесіне
байланысты əртүрлі болуы мүмкін. Дұрыс
ұзындықтың таңдалғандығына көз жеткізіңіз.
Қосымша ақпаратты қабырғаға бекіту тетігімен
берілген нұсқаулықтан қараңыз.