User manual

7
ENGҚАЗАҚША
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
ЕСКЕРТУ
Өнімді радио толқындар пайда болмайтын жерге орнатыңыз.
Құлап түссе де антеннаның қуат желілеріне тимеуін қамтамасыз ету үшін
сыртқы антенна мен қуат желілерінің арасында жеткілікті қашықтық болуы
керек.
Бұл ток соғу қаупіне себеп болуы мүмкін.
Өнімді тұрақсы сөрелер немесе көлбеу беттер сияқты орындарда орнатпаңыз.
Сондай-ақ, діріл бар немесе өнім толығымен тұрмайтын орындарды
пайдаланбаңыз.
Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе өнімді
зақымдауы мүмкін.
Теледидарды тірекке орнатсаңыз, өнімнің аударылуын болдырмау әрекеттерін
орындау керек. Әйтпесе, өнім аударылып, жарақаттауы мүмкін.
Мониторды қабырғаға орнату керек болса, VESA стандартты орнату интерфейсін (қосымша
бөлшектер) өнімнің артқы жағына бекітіңіз. Қабырғаға орнату интерфейсін (қосымша
бөлшектер) пайдаланып, теледидарды орнатқанда, түсіп кетпейтіндей мұқият бекітіңіз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымша жабдықтарды қолданыңыз.
Антеннаны орнатқанда білікті қызмет көрсету маманнан кеңес алыңыз.
Бұл өрт шығу қаупін немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Теледидарды көргенде экран диагоналінің ұзындығынан 2-7 еселік
қашықтықты сақтау ұсынылады.
Теледидарды ұзақ уақыт көргеннен кейін көзіңіз бұлдырауы мүмкін.
Тек көрсетілген батарея түрін пайдаланыңыз.
Бұл қашықтан басқару құралын зақымдауы мүмкін.
Жаңа батареяларды ескі батареялармен араластырмаңыз.
Бұл батареялардың шамадан тыс қызуын және ағып кетуін тудыруы мүмкін.
Батареялар шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс, мысалы, тікелей күн сәулесі
түспейтін, ашық от пен электр жылытқыштардан алыс жерде сақтаңыз.
Зарядталмайтын батареяларды зарядтағышқа салушы БОЛМАҢЫЗ.
Қашықтан басқару құралы мен сенсордың арасында еш нәрсе тұрмауын
тексеріңіз.
Қашықтан басқару құралының сигналына күн сәулесі немесе басқа күшті
жарық кедергі тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда бөлмені күңгірттеңіз.
Бейне ойын консольдері сияқты сыртқы құрылғыларды жалғау алдында
жалғау кабельдерінің ұзындығы жеткілікті екенін тексеріңіз.
Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе өнімді
зақымдауы мүмкін.