Owners manual

12
Құрылғының тиімді жұмысы
Электрондық құрылғылар
Барлық үстел құрылғыларының жұмысына әсер ететін кедергілер болуы
мүмкін.
Үстел құрылғысын рұқсатсыз медициналық жабдықтардың жанында
пайдаланбаңыз. Планшетті кардиостимулятордың жанына, мысалы,
төс қалтада орналастырмаңыз.
Үстел құрылғылары кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио құралдарына,
компьютерлерге, т.б. әсер етуі мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде үстел құрылғысын пайдалану туралы аймағыңыздағы
заң және нұсқауларды тексеріңіз.
Көлік жүргізгенде, қолда ұсталатын құрылғыны пайдаланбаңыз.
Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік жабдықтары секілді
көліктегі кейбір электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін.
Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған немесе
тасымалды сымсыз жабдықтармен бөгет жасамаңыз. Қате жұмыс
жасағандықтан, ауа қабының ашылуына кедергі жасауы немесе ауыр
жарақатқа апаруы мүмкін.
Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы айналаңызда не
болып жатқанын байқайтындай деңгейде болу керек. Бұл жолдардың
жанында болғанда әсіресе маңызды.