Owners manual

62
Контактіні таңдаулыларға қосу үшін
1 Контактілеріңізді ашу үшін Негізгі экранда Контактілер түртіңіз.
2 Толық мәліметін көру үшін контактіні түртіңіз.
3 Контакт атының оң жағындағы жұлдызшаны түртіңіз. Жұлдызша
сары болады және контакт таңдаулыларға қосылады.
Таңдаулылар тізімінен контактіні жою үшін
1 Контактілеріңізді ашу үшін Негізгі экранда Контактілер түртіңіз.
2 Таңдаулы контактілерді көру үшін Таңдаулылар қойындысын түртіңіз.
3 Толық мәліметін көру үшін контактіні түртіңіз.
4 Контакт атының оң жағындағы сары түсті жұлдызшаны түртіңіз.
Жұлдызша сұр болады және контакт таңдаулылардан жойылады.
Топ жасау
1 Контактілеріңізді ашу үшін Негізгі экранда Контактілер түртіңіз.
2 Топтар қойындысын түртіп, белгішесін түртіңіз.
3 Жаңа топтың атын енгізіңіз.
Жаңа тобыңызға контакт жазбаларын қосу үшін Қатысушы қосу
опциясын түртіңіз.
Жаңа топты сақтағыңыз келген есептік жазба (ларды)ны өзгерту
үшін ЕСЕПТІК ЖАЗБА өрісін түртіңіз.
4 Топты сақтау үшін Сақтау пәрменін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Топ жойылатын болса, сол топқа белгіленген контактілер
жоғалмайды. Олар Контактілер ішінде сақталып қалады.