Owners manual

90
1 POLARIS Office 5 қызметін ашып, құжатты іздеңіз.
2 Көргіңіз және өзгерткіңіз келген құжатты түртіңіз.
Құжаттарды POLARIS Office 5 арқылы көргенде, нысандар мен
орналасу дәл бастапқы құжаттардағыдай болып қалады.
3 Құжатты өзгерту үшін белгішесін түртіңіз.
Google+
Бұл Google+ қолданбасын Google әлеуметтік желі қызметі арқылы
адамдармен байланыста болу үшін пайдаланыңыз.
Негізгі экраннан Қосымшалар > Қосымшалар қойындысын >
Google > Google+ белгішесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қолданба аймаққа немесе қызмет провайдеріне
байланысты қол жетімді болмауы мүмкін.
LG SmartWorld
LG SmartWorld функциясы қызықты мазмұн жинағын – қаріптер,
тақырыптар, ойындар, қосымшалар ұсынады.
Планшеттен LG SmartWorld қолданбасын алу жолы
1 LG SmartWorld қызметіне өту үшін > Қосымшалар >
Қосымшалар қойындысын > белгішесін түртіңіз.
2 Еліңізді таңдап, жүйеге кіріңіз.
3 Керекті мазмұнды жүктеп алыңыз.