Owners manual

14
Телефонды жанармай немесе химиялық заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
Тез жанатын газ, сұйықтық немесе жарылғыш заттарды үстел
құрылғысы мен керек-жарақтарымен бірге тасымалдамаңыз және
сақтамаңыз.
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
Ұшаққа мінер алдында, планшетті сөндіріңіз.
Ұшпаған кезде де, рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
Балалар
Құрылғыны кішкентай балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Оның құрамында ажыратылған жағдайда тұншығу қаупін
төндіретін кішкентай бөлшектер бар. Сондай-ақ. бұл құрылғыда ішкі
батарея бар, ол құрылғы дұрыс пайдаланылмаған немесе қызмет
көрсетілген болса қауіпті болуы мүмкін.
Батарея ақпараты және күтімі
Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт емес. Басқа
батарея жүйелерінен өзгеше, батареяның жұмысына қауіп төндіретін
жад әсері жоқ.
Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG
зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін арттырады.
Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған
батареяны зарядтаңыз.