Owners manual

15
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі
сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
Құрылғыны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз, ол батареяның
жұмысына кері әсер беруі мүмкін.
Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші
нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін
тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең
жақын қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек
алуға болады.
Планшет толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын
болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз.
Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
баптаулар, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған ортаға
байланысты болады.
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың
батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
Планшетті жаңарту әдістері
Ең соңғы жабдық шығарылымдарына, жаңа бағдарламалық құрал
функциялары мен жақсартуларына өтіңіз.
Планшетті компьютерсіз жаңартыңыз: Жаңарту орталығы
> БҚ
жаңартпасы > Жаңартуды қазір тексеру.
Планшетті компьютерге жалғау арқылы жаңартыңыз.
Бұл функцияны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін
http://www.lg.com/common/index.jsp торабына кіріп, елді және тілді
таңдаңыз.