Owners manual

48
Скриншот түсіру
Ағымдағы экранның суретін түсіріп алу үшін, Дыбысты азайту
түймесін және Қуат/Құлыптау пернесін бір уақытта 2 секунд бойы
басып тұрыңыз.
Түсірілген суретті көру үшін Қосымшалар > Галерея >
Screenshots қалтасына өтіңіз.
Скриншот түсіру үшін QuickMemo+ пайдалану
Скриншот жасағыңыз келетін экранда күй жолағын төмен қарай сүйреп,
QuickMemo+ опциясын таңдаңыз.
НЕМЕСЕ
Дыбыс деңгейі пернелерін бір уақытта басып тұрыңыз.
Скриншот түсіру үшін Кеңейтілген кадр түсіру пайдалану
Бұл функция әдепкі интернет шолғышында экранның бөлігінен скриншот
жасауға мүмкіндік береді.
1 Ғаламтор қолданбасын ашып, суретін түсіріп алғыңыз келген бетке
жылжыңыз.
2 Мәзір белгішесін > Кеңейтілген кадр түсіру түртіңіз.
3 Көк терезені қалаған өлшемге реттеңіз және Сақтау түймесін түртіңіз.
Таңдалған аймақ Галереядағы Capture plus қалтасына сақталады.