Owners manual

53
Wi-Fi
Wi-Fi арқылы сымсыз кіру нүктесінің (AP) аясында жоғары жылдамдықты
интернетті пайдалануға болады. Қосымша ақысыз Wi-Fi желісінде
Интернетті пайдаланыңыз.
Wi-Fi желілеріне қосылу
Планшеттегі Wi-Fi функциясын пайдалану үшін сымсыз ену нүктесіне
немесе «кіру нүктесіне» кіруіңіз керек. Кейбір кіру нүктелері ашық және
оларға оңай қосылуға болады. Басқалары жасырын немесе қауіпсіздік
мүмкіндіктерін пайдаланады; оларға қосылу үшін планшет баптаулар
реттеу керек. Батареяның жұмыс мерзімін ұзарту үшін, пайдаланбаған
кезде Wi-Fi мүмкіндігін өшіріп қойыңыз.
Wi-Fi қызметін қосу және Wi-Fi желісіне қосылу
1 Негізгі экранда Қосымшалар > Қосымшалар қойындысын >
Баптаулар > Wi-Fi тармағын таңдаңыз.
2 Wi-Fi функциясын қосу үшін белгішесін түртіңіз, одан кейін қол
жетімді Wi-Fi желілерін іздей бастаңыз.
3 Белсенді және ауқымдағы Wi-Fi желілері тізімін көру үшін Іздеу
түймесін түртіңіз.
Қауіпсіз желілерде құлып белгішесі тұрады.
4 Қосылу үшін, желіні түртіңіз.
Егер желі қорғалған болса, кілтсөзді немесе басқа мәліметтерді
енгізу сұралады. (Толығырақ мәліметтерді желі әкімшісінен
сұраңыз.)
5 Күй жолағы Wi-Fi күйін көрсететін белгішелерді көрсетеді.
Желілерге және құрылғыларға қосылу