Owner's Manual

7
Көру күйіне (сол/оң/үсті/асты) байланысты панельдің əр
түрлі жарықтығын жəне түсін табуға болады.
Сондай-ақ, бұл құбылыс панельдің сипаттамасына
байланысты орын алады. Ол өнімнің жұмысына қатысты
емес, əрі ақаулық болып табылмайды.
Қозғалыссыз кескінді (мысалы, тарату арнасының
логотипі, экрандағы мəзір, бейне ойынынан алынған
көрініс) ұзақ уақыт бойы көру экранды зақымдап, кескіннің
сақталуына əкелуі мүмкін. Бұл қалдық кескін ретінде
белгілі. Бұл кепілдік өнімдегі қалдық кескінді қамтымайды.
Теледидар экранында ұзақ уақыт бойы бекітілген кескінді
көрсетпеңіз (СКД үшін 2 сағат немесе одан көп, плазма
дисплейі үшін 1 сағат немесе одан көп).
Сондай-ақ, егер теледидардың кадр пішімі ұзақ уақыт
бойы 4:3 болса, экранның жоғарғы жəне төменгі жағында
кескін ізі пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, бұл құбылыс үшінші тарап өнімдерінде орын
алады жəне алмастыруға немесе ақшаны қайтаруға
жатпайды.
Шығарылған дыбыс
Тырс еткен дыбыс: теледидарды көріп отырғанда
немесе өшіргенде шығатын дыбыс, температура мен
ылғалдылыққа байланысты пластикалық жылу сығылуы
нəтижесінде пайда болады. Бұл дыбыс — температура
деформациясы талап етілетін барлық өнімдер үшін
ортақ құбылыс. Электр тізбегінің гуілдеген/панельдің
дызылдаған дыбыс шығаруы: өнімді істету үшін токтың
үлкен мөлшерін жеткізгенде, жылдамдығы жоғары
коммутация схемасынан шығады. Өнімге байланысты
əртүрлі болады.
Бұндай дыбыстың шығуы өнімнің жұмыс сапасы мен
сенімділігіне əсер етпейді.
Теледидар жанында жоғары кернеулі электрік
құрылғыларды пайдаланбаңыз (мысалы, электр маса
өлтіргішті). Бұл өнім жұмысының бұзылуына əкелуі мүмкін.
Дайындау
ЕСКЕРТПЕ
Бейнеде көрсетілген үлгілер сіздің теледидарыңыздан
өзгеше болуы мүмкін.
Теледидардың экрандық дисплейі нұсқаулықта
көрсетілгеннен сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Бар мəзірлер мен опциялар сіз қолданатын кіріс
көзінен немесе өнім үлгісінен өзгешелеу болуы мүмкін.
Болашақта бұл теледидарға жаңа мүмкіндіктер
қосылуы мүмкін.
Тұтынылатын қуат мөлшерін азайту мақсатында
теледидарды күту режиміне қоюға болады. Егер біраз
уақыт қарамайтын болсаныз, теледидарды өшіріп қою
қажет. Бұл тұтынылатын қуат мөлшерін азайтады.
Кескін жарқындығының деңгейі төмендетілсе,
қолданыс үстінде тұтынылатын қуат мөлшері
айтарлықтай азайып, бұл өз ретінде жалпы қуат
ақысын азайтады.
Өніммен бірге берілген заттар оның үлгісіне қарай
əртүрлі болуы мүмкін.
Өнім сипаттамалары немесе осы нұсқаулықтың
мазмұны өнім функцияларының жетілдіруіне
байланысты алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Оңтайлы байланыс болу үшін, HDMI кабельдері
жəне USB құрылғылары ұштарының қалыңдығы 10
мм-ден жəне ені 18 мм-ден аспауы керек. USB кабелі
немесе USB жад картасы теледидардың USB портына
сай келмесе, USB 2.0 қолдайтын ұзарту кабелін
пайдаланыңыз.
A
B
A
B
*A
<
=
10 мм
*B
<
=
18 мм
HDMI логотипі жабыстырылған сертификатталған
кабельді пайдаланыңыз.
Сертификатталған HDMI кабелін пайдаланбасаңыз,
экран көрінбеуі немесе байланыс қатесі орын алуы
мүмкін. (Ұсынылған HDMI кабель түрлері)
- Жоғары жылдамдықты HDMI
®
/
TM
кабелі (3 м немесе
одан қысқа)
- Ethernet бар жоғары жылдамдықты HDMI
®
/
TM
кабелі
(3 м немесе одан қысқа)
ЕСКЕРТУ
Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өнімнің жұмыс
мерзімін арттыру үшін, мақұлданбаған өнімдерді
пайдаланбаңыз.
Мақұлданбаған өнімдерді пайдаланудан туындаған
зақымдар немесе залал кепілдікке кірмейді.
Кейбір модельдердің экранына жұқа қабат бекітілген
жəне оны алып тастау керек.
ҚАЗАҚША