Owner's Manual

4
ҚАЗАҚША
ҚАЗАҚША
Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса, өнімді
дереу ажыратып, жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Өнімге соққы әсер етті
Өнім зақымдалды
Өнімге бөгде заттар кірді
Өнімнен түтін немесе оғаш иіс шықты
Бұл өрт шығуына немесе электр тогы соғуына әкелуі
мүмкін.
Егер өнімді ұзақ уақыт қолданбайтын болсаңыз, қуат
кабелін өнімнен ажыратып тастаңыз. Шаңның жиналуы
өрт шығуына немесе изоляцияның бұзылуы токтың
жылыстауына, электр тогының соғуына немесе өртке
әкелуі мүмкін.
Аппаратқа су тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс
немесе оның үстіне ваза секілді су құйылған заттарды
қоюға болмайды.
Май немесе майлы ауа әсер етуі мүмкін болса, бұл өнімді
қабырғаға орнатпаңыз.
Бұл өнімді зақымдауы және ол құлап түсуі мүмкін.
Егер су немесе басқа нәрсе өнімнің (айнымалы ток
адаптері, қуат сымы, теледидар сияқты) ішіне кірсе, қуат
сымын ажыратып, бірден қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Әйтпесе, өрт шығуы немесе ток соғуы
мүмкін.
Тек LG Electronics компаниясы мақұлдаған айнымалы ток
адаптерін және қуат сымын пайдаланыңыз. Әйтпесе, өрт
шығуы, тогы соғуы, дұрыс жұмыс істемеуі немесе өнім
пішінінің бүлінуі мүмкін.
Ешқашан айнымалы ток адаптерін немесе қуат сымын
бөлшектемеңіз. Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Өнімді радио толқындар пайда болмайтын жерге
орнатыңыз.
Құлап түссе де антеннаның қуат желілеріне тимеуін
қамтамасыз ету үшін сыртқы антенна мен қуат желілерінің
арасында жеткілікті қашықтық болуы керек. Бұл ток соғу
қаупіне себеп болуы мүмкін.
Өнімді тұрақсы сөрелер немесе көлбеу беттер сияқты
орындарда орнатпаңыз. Сондай-ақ, діріл бар немесе
өнім толығымен тұрмайтын орындарды пайдаланбаңыз.
Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы
немесе өнімді зақымдауы мүмкін.
Теледидарды тірекке орнатсаңыз, өнімнің аударылуын
болдырмау әрекеттерін орындау керек. Әйтпесе, өнім
аударылып, жарақаттауы мүмкін.
Мониторды қабырғаға орнату керек болса, VESA
стандартты орнату интерфейсін (қосымша бөлшектер)
өнімнің артқы жағына бекітіңіз. Қабырғаға орнату
интерфейсін (қосымша бөлшектер) пайдаланып,
теледидарды орнатқанда, түсіп кетпейтіндей мұқият
бекітіңіз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымша жабдықтарды
қолданыңыз.
Антеннаны орнатқанда білікті қызмет көрсету маманнан
кеңес алыңыз. Бұл өрт шығу қаупін немесе электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.