Owner's Manual

ҚАЗАҚША
13
Қамтамасыз
етілген зат
Қабырғаға
бекіту
қабаттары
Байланыстар (хабарландырулар)
Теледидарға əр түрлі сыртқы құрылғыларды жалғап,
сыртқы құрылғыны таңдау үшін, кіріс сигналы режимдерін
ауыстырып қосыңыз. Құрылғының сырртқы қосылымы
туралы қосымша ақпарат алу үшін əр құрылғымен бірге
берілетін нұсқаулықты қараңыз.
Қолдануға болатын сыртқы құрылғылар: HD ресиверлері,
DVD ойнатқыштары, бейнемагнитофондар, дыбыстық
жүйелер, USB жад құрылғылары, компьютерлер, ойын
құрылғылары жəне басқа да сыртқы құрылғылар.
ЕСКЕРТПЕ
Сыртқы құрылғыны жалғау түрі үлгіге қарай əртүрлі
болуы мүмкін.
Теледидарға сыртқы құрылғыларды теледидар
портының ретіне қарамастан жалғаңыз.
Егер теледидар бағдарламасын DVD рекордеріне
немесе бейнемагнитофонға жазсаңыз, теледидардың
сигнал кіріс кабелін теледидарға міндетті түрде
DVD рекордері немесе бейнемагнитофон арқылы
жалғаңыз. Жазу туралы қосымша ақпаратты
жалғанған құрылғының нұсқаулығынан қараңыз.
Пайдалану туралы нұсқауларды сыртқы құрылғының
нұсқаулығынан қараңыз.
Ойын құрылғысын теледидарға жалғаған кезде,
құрылғымен бірге жабдықталған кабельді қолданыңыз.
Компьютер режимінде ажыратымдылық, тік өрнек, түс
контрасты немесе жарықтыққа байланысты кедергілер
тууы мүмкін. Шу бар болса, компьютер шығысын
басқа ажыратымдылыққа немесе жаңалау жиілігін
басқа жиілікке өзгертіңіз немесе СУРЕТ мəзіріндегі
жарықтық жəне түс контрастын бейне таза болғанға
дейін реттеңіз.
Компьютер режимінде кейбір ажыратымдылық
параметрлері графикалық тақтаға байланысты дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Егер Ultra HD мазмұны компьютерде ойнатылса, бейне
немесе аудио компьютер жұмысына байланысты ара-
тұра зақымдалуы мүмкін. (Үлгіге байланысты)
Антеннаны жалғау
RF кабелі (75 Ω) арқылы теледидарды қабырғадағы
антенна ұясына жалғаңыз.
2-ден көп ТД пайдалану үшін сигнал сплиттерін
пайдаланыңыз.
Егер бейне сапасы нашар болса, бейне сапасын
жақсарту үшін сигнал күшейткішін тиісті түрде
орнатыңыз.
Егер антенна қосылған күйде бейне сапасы нашар
болса, антеннаның бағытын түзетіңіз.
Антенна кабелі жəне конвертер қамтамасыз етілмеген.
Қолдау көрсетілетін DTV аудио: MPEG, Dolby Digital,
Dolby Digital Plus, HE-AAC
Бұл теледидар UHD (3840 x 2160 pixels) хабар
таратуын тікелей қабылдай алмайды, себебі қатысты
стандарттар расталмаған. (Үлгіге байланысты)
СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОСУ
Сыртқы құрылғылар мен теледидардың
қоректендіру сымдары қосылған розетканың
жерленгендігіне көз жеткізіңіз.
СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОСАР АЛДЫНДА,
БАРЛЫҚ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ЖƏНЕ
ТЕЛЕДИДАРДЫ ТОҚ КӨЗІНЕН АЖЫРАТЫҢЫЗ!
АНТЕННАНЫ ТЕЛЕДИДАРДАН АЖЫРАТЫҢЫЗ!
Алдымен сыртқы құрылғылардың сигналдық
сымдарын теледидарға қосығыз, содан кейін
ғана барлық құрылғыларды электр желісіне
қосыңыз. Міндетті түрде антенналық
оқшаулағышты қолданыңыз (тауар аксессуарлар
құрамына кіреді).
БАРЛЫҚ СИГНАЛДЫҚ СЫМДАРДЫ ЖАЛҒАП
БІТІРМЕГЕНШЕ, ТЕЛЕДИ ДАРДЫ ЖƏНЕ
СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ
ҚОСПАҢЫЗ. БҰЛ ТЕЛЕДИДАРДЫҢ НЕМЕСЕ
СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНА
ƏКЕП СОҒУЫ МҮМКІН.
ЕСКЕРТУ
Есте сақтаңыз, теледидарды қолдану
аймағындағы электр сымдары жүйесін жіргізу
СНиП 3.05.06-85 талаптарына сəйкес болуы қажет
Жерсерік тəрелкесі қосылымы
ек жерсерік үлгілері)
Теледидарды жерсеріктің ұяшығына жерсерік RF
кабелімен (75 Ω) жалғаңыз.
Euro Scart қосылымы
(Үлгіге байланысты)
Бейне жəне дыбыс сигналдарын сыртқы құрылғыдан
теледидарға жібереді. Сыртқы құрылғы мен теледидарды
Euro-SCART кабелімен жалғаңыз.