Owner's Manual

13
•
Батарея жинағының темір түйіспелері таза болуы тиіс.
•
Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз.
Алмастырудан бұрын батареяны жүздеген рет зарядтауға
болады.
•
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт
қолданылмаған батареяны зарядтаңыз.
•
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе
жуыну бөлмесі сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде
қалдырмаңыз.
•
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз:
жұмысына кері әсер беруі мүмкін.
•
Батарея дұрыс түрімен алмастырылмаса, жарылыс қаупін
тудырады. Қолданылған батареяларды нұсқаулар бойынша
жойыңыз.
•
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics
компаниясының ең жақын қызмет көрсету орталығына
немесе дилеріне апарып, көмек алуға болады.
•
Телефон толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат
тұтынуын болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан
ажыратыңыз.
•
Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына,
өнім параметрлеріне, пайдалану тәсілдеріне, батареяға
және қоршаған ортаға байланысты болады.
•
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы
заттардың батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт
тудыруы мүмкін.