Owner's Manual

Негіздер
24
Батареяны зарядтау
Бірінші рет пайдаланбай тұрып батареяны зарядтаңыз.
Батареяны зарядтау үшін зарядтағышты пайдаланыңыз.
Сонымен қатар, құрылғыны USB кабелімен компьютерге қосу
арқылы батареяны зарядтауға болады.
АБАЙЛАҢЫЗ
•
LG мақұлдаған зарядтағыштарды, батареяларды және кабельдерді
ғана пайдаланыңыз. Егер мақұлданбаған зарядтағыштарды,
батареяларды немесе кабельдерді пайдалансаңыз, батареяның
кідіріспен зарядталуына себеп болуы мүмкін. Болмаса, бұл
батареяның жарылуына немесе кепілдікке кірмейтін құрылғының
зақымдауына себеп болуы мүмкін.
Зарядтағыш қосқышы құрылғының төменгі жағында
орналасқан. Зарядтағышты салыңыз да, қуат розеткасына
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•
Телефон зарядталып жатқанда артқы қақпақты ашпаңыз.