Owner's Manual

Қосымшалар
48
Контактілер
Құрылғыға контактілерді қосып, оларды Google тіркелгісіндегі
контактілермен немесе контактілерді үндестіруді қолдайтын
басқа контактілермен үндестіруге болады.
Контактілерді іздеу
1 > опциясын түртіңіз.
2 Контактілерді іздеу белгішесін түртіңіз де, пернетақтаны
пайдаланып контакт атын енгізіңіз. Сәйкестіктер теруді
бастаған кезде көрсетіледі.
Жаңа контакт қосу
1 > опциясын түртіңіз.
2 Жаңа контакт нөмірін енгізіңіз.
3
> Контактілерге қосу > Жаңа контакт тармағын түртіңіз.
4 Жаңа контактіге сурет қосу керек болса, кескін белгішесін
түртіңіз. Суретке түсіру немесе Галереядан таңдау
опциясын таңдаңыз.
5 Контакт үшін қажетті ақпаратты енгізіңіз.
6 САҚТАУ опциясын түртіңіз.
Таңдаулы контактілер
Жиі қоңырау соғылатын контактілерді таңдаулылар ретінде
жіктеуге болады.
Контактіні таңдаулылар тізіміне қосу
1 > опциясын түртіңіз.
2 Толық мәліметін көру үшін контактіні түртіңіз.
3 Экранның үстіңгі оң жағындағы жұлдызшаны түртіңіз.
Жұлдызша сары түске өзгереді.