Owner's Manual

Қосымшалар
52
ЕСКЕРТПЕ
•
Суретке түсірерден бұрын қорғаныш линзаны майда талшықты
шүберекпен тазалауды ұмытпаңыз. Линза бетіндегі саусақтың
іздерінен бұлыңғыр суреттер шығуы мүмкін.
Күрделі параметрлерді пайдалану
Камера көрініс іздегішіндегі қосымша параметрлерді көрсету
үшін опциясын түртіңіз. Келесі камера параметрлерін
реттеу үшін әрбір белгішені түртіңіз.
Сурет және бейне сапасы қатынасын орнату үшін
түртіңіз.
Дауыстық пәрменмен камера ысырмасын
белсендіру үшін түртіңіз. Қосылған кезде суретке
түсіру үшін «Чииз», «Смайл», «LG», т.б. деп
айтасыз.
Камера таймерін орнату үшін түртіңіз. Суреттің
немесе бейненің бір бөлігі болғыңыз келсе, бұл
қолайлы болмақ.
Туралау анықтамасымен тор сызығын көрсету
арқылы жақсы суреттер түсіру және бейнелер жазу
үшін түртіңіз.
Суреттеріңіз бен бейнелеріңіз сақталатын орынды
орнату үшін түртіңіз. IN (ішкі жад) және SD (жад
картасы) арасынан таңдаңыз. Бұл мәзір SD картасы
салынғанда ғана пайда болады.
Функция жұмысын үйрену үшін түртіңіз. Бұл белгіше
анықтамалық нұсқаулықты ашады.