Owner's Manual

Баптаулар
72
Bluetooth
Bluetooth — құлақаспаптар, қолсыз көлік жинақтары, Bluetooth
қосулы құлақаспаптар, компьютерлер, принтерлер және
сымсыз құрылғылар сияқты Bluetooth құрылғыларына сымсыз
түрде қосылуға мүмкіндік беретін қысқа ауқымды байланыстар
технологиясы.
ЕСКЕРТПЕ
•
Bluetooth байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап
бермейді.
•
Үнемі деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз.
•
Құрылғылар арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы
қысқартылады.
•
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы
сыналмағандары немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен
үйлесімді болмауы мүмкін.
Құрылғыны басқа Bluetooth құрылғысымен
жұптау
1 Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Bluetooth
тармағын түртіңіз.
2 Bluetooth функциясын қосу және қол жетімді Bluetooth
құрылғыларын іздеуді бастау үшін
опциясын түртіңіз.
•
Бұған қоса, ауқымдағы көрінетін құрылғыларды анықтау
керек болса, ІЗДЕУ пәрменін түртіңіз.
3 Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз. Жұптастыру сәтті
болған кезде құрылғы басқа құрылғыға қосылады.