Owner's Manual

Баптаулар
74
Ұялы деректер
Деректер қолданысын көрсетеді және құрылғының деректер
қолдану шегін орнатады.
•
Құрылғыңыздағы деректер қосылысын қосу немесе
өшіру үшін
опциясын түртіңіз. Бұл құрылғыңыздағы
деректердің қолданылуын басқаруға мүмкіндік береді.
Деректердің орнына Wi-Fi желі қосылымын пайдалануға
болады.
Қоңырау баптаулары
Әр түрлі қоңырау параметрлерін конфигурациялауға мүмкіндік
береді.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қоңырау
баптаулары тармағын түртіңіз.
[SIM карта 1/SIM карта 2 қойындысы]
•
Дауыс поштасы: жеткізушінің дауыс поштасы қызметін
таңдауға мүмкіндік береді.
•
Бекітілген теру нөмірлері: құрылғыңыздан қоңырау
шалуға болатын нөмірлердің тізімін басқаруға және жасауға
мүмкіндік береді. Осы үшін оператордан алынатын PIN2
коды қажет болады. Іске қосылса, құрылғыдан тек тізімде
бекітілген теру нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
•
Қоңырауды бұру: қай кезде қоңыраулардың бағытын
өзгерту керектігін таңдауға мүмкіндік береді.
•
Қоңырауға тыйым салу: кіріс, шығыс немесе
халықаралық қоңырауларды құлыптайды.
•
Қоңырау ұзақтығы: қоңыраулардың түрлері үшін телефон
арқылы сөйлесу ұзақтығын көруге мүмкіндік береді.
•
Қосымша баптаулар: Қоңырау шалушының ұқсатқышы
немесе Қоңырауды күттіру, т.б. сияқты келесі
параметрлерді өзгертуге мүмкіндік береді.