Owner's Manual

Баптаулар
77
VPN
Құрылғыдан корпоративтік желі сияқты қауіпсіз жергілікті желі
ішіндегі ресурстарға қосылуға және оларды ашуға мүмкіндік
беретін виртуалды жеке желілерді (VPN) қосуға, орнатуға және
басқаруға болады.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша >
VPN тармағын түртіңіз.
Мобильді желілер
Бұл мәзір ұялы телефонның түрлі желілік параметрлерін
конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша >
Мобильді желілер тармағын түртіңіз.
Басып шығару
Android құрылғысымен бірдей Wi-Fi желісіне жалғанған
принтермен кейбір экрандардағы мазмұнды (Chrome
браузерінде көрсетілген веб-беттер сияқты) басып шығаруға
мүмкіндік береді.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша >
Басып шығару тармағын түртіңіз.
Сымсыз принтер арқылы басып шығару
1 Суреттер немесе құжаттар секілді мазмұнды таңдаңыз.
2
> Басып шығару > > Барлық принтерлер...
опциясын түртіп, принтерді таңдаңыз.