Owner's Manual

Баптаулар
90
•
Сақтық көшірме тіркелгісі: ақпаратты сақтық көшіруге
пайдаланылатын ағымдағы есептік жазбаны көрсетеді.
•
Автоматты түрде қайта орнату: қосымшаны қайта
орнатып жатқанда, сақтық көшірмесі жасалған
параметрлер мен деректерді қалпына келтіріңіз.
•
Желі параметрлерін қайта орнату: барлық желі
параметрлерін қалпына келтіреді.
•
Зауыттық деректерді қалпына келтіру: параметрлерді
зауыттық әдепкі мәндеріне қайтарады және барлық
деректерді жояды. Егер құрылғыны осы әдіспен қалпына
келтірсеңіз, сізден алғашқы рет Android жүйесін қосқанда
сұралған ақпаратты қайта енгізуіңізді сұрайды.
Телефон ақпараты
Құқықтық ақпаратты қарап, құрылғы күйін және бағдарламалық
құралдарды тексеріңіз және бағдарламалық құралды
жаңартыңыз.
Баптаулар экранында Баптаулар қойындысы > Телефон
ақпараты тармағын түртіңіз.