Owner's Manual

74
Камера және бейне
X Тұсқағаз суретті фондық кескін етіп тағайындауға арналған; кескінді
қиып алып, суретті тағайындау үшін ТҰСҚАҒАЗ ОРНАТУ опциясын
түртіңіз.
Бейне параметрлері
Галерея — сақтаулы бейне жазбалардың галереясына кіретін орын.
Оларды көруге, достарыңызбен бөлісуге және жоюға және өзгертуге
болады.
1
Негізгі экранда > > Қолданбалар қойындысы > Галерея
түймесін түртіңіз.
X Көбірек альбомдарды көру үшін жоғары не төмен жылжытыңыз.
2
Альбомды ашу және оның құрамын көру үшін оны түртіңіз.
(Альбомдағы суреттер мен бейнелер хронологиялық ретпен
көрсетіледі.)
3
Бейнені көру үшін оны түртіңіз. Мына параметрлерге өтуге болады:
X Бұру: экран мазмұнының бағытын өзгерту.
X QSlide: көп тапсырманы оңай орындау үшін телефонның
дисплейінде қабаттастыруға мүмкіндік береді.
X SmartShare: мультимедиалық файлдарды DLNA
сертификатталған құрылғыларымен бөліседі.
X Мәзір: «Экран арақатынасы», «Субтитрлер», «Бөлісу», «Қию»,
«Параметрлер», «Мәліметтер» опцияларына өту үшін түртіңіз.
X Дыбыс деңгейі: дыбыс деңгейінің сырғытпа жолағын көрсету
үшін түртіңіз, одан кейін сырғытпа жолағында ойнату дыбыс деңгейін
реттеңіз.
X Құлыптау/Құлып ашу: байқаусызда түртіліп кетпеуі үшін
сенсорлы пернелерді құлыптайды.