Owner's Manual

79
Бейнені жіберу үшін
1
Мазмұнын көргіңіз келген альбомды ашып, «Галерея» экранының
үстіңгі жағындағы Жіберу белгішесін түртіңіз.
2
Жібергіңіз келген бейнені (бейнелерді) белгілеп, экранның астындағы
Жіберу опциясын түртіңіз, одан кейін файлды (файлдарды) жіберу
әдісін таңдап, қажетінше аяқтаңыз.
Бейнені жою үшін
1
Мазмұнын көргіңіз келген альбомды ашып, «Галерея» экранының
үстіңгі жағындағы Жою белгішесін түртіңіз.
2
Жойғыңыз келген бейнені (бейнелерді) белгілеп, экранның астындағы
Жою түймесін түртіңіз, одан кейін растау үшін «Иә» опциясын түртіңіз.
Бейнелер көрсетіліп тұрғандағы QSlide
Бейне көрсетіліп тұрғанда басқа қолданбаларды пайдалануға мүмкіндік
бере отырып, QSlide терезесінен бейнелерді көрсетуге болады.
1
Галерея қолданбасын ашып, бейнені ойната бастаңыз.
2
Экранның үстіңгі оң жағындағы QSlide белгішесін түртіп, бейнені
QSlide терезесінен көрсету үшін QSlide мүмкіндігін іске қосыңыз.
3
QSlide терезесін жабу үшін тақырып жолағының үстіңгі оң жақ
бұрышындағы опциясын түртіңіз.