Owner's Manual

105
Үй сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру – Негізгі экран
қолданбасының орналасуының және тұсқағазының сақтық көшірмесін
жасау және қалпына келтіру үшін орнатыңыз.
Анықтама негізгі экран элементтеріне және функцияларына қатысты
ақпаратты көрсетеді.
Экранды құлыптау
Экран құлпын таңдау – телефонды қорғайтын экран құлпының түрін
орнатыңыз. Экран құлпын ашу өрнегін салу қадамдарын көрсететін
экрандар жиынын ашады. Жoқ, Жүргізу, Knock Code, Графикалық үлгі,
PIN немесе Кілтсөз опциясын орнатыңыз.
Егер графикалық үлгі құлып түрін қоссаңыз, телефонды қосқанда немесе
экранды қосқанда, сізден экран құлпын ашу үшін құлыпты ашу өрнегін
салу сұралады.
Smart Lock – телефонның құлпын Сенімді құрылғы (BT құрылғысы не
NFC) немесе Сенімді бет арқылы автоматты түрде ашу үшін орнатыңыз.
Бұл функция тек Экранды құлыптау үшін мына опциялардың бірі
таңдалғанда қолданылады: Knock Code, Графикалық үлгі, PIN және
Кілтсөз.
ЕСКЕРТПЕ. Бұл функцияны қосу үшін, «Ақылды құлып» опциясын
«Қосу» мәніне қою қажет.
Бaптayлap > Баптаулар > Қауіпсіздік > Trust agents > Smart Lock.
Экран әсері – экран сипау әсерінің параметрлерін орнатады.
Мыналардың бірін таңдаңыз: Жарық бөлшегі, Векторлық шеңбер,
Мозаика немесе Сода.
ЕСКЕРТПЕ: экран құлпына үлгі қойылса, бұл параметр атауы үлгі
әсері болуы мүмкін.