User Manual

114
• Тұсқағаз – құлыптаулы экран тұсқағазын орнатады. Галерея
немесе Тұсқағаздар жиынтығы тармақтарынан таңдаңыз.
• Ауа райы анимациясы – құлыптау экранында ағымдағы
орын үшін ауа райы анимациясын көрсету құсбелгісі.
• Телефон жоғалған жағдайдағы байланысу ақпараты:
құлыптау экранында иесі туралы ақпаратты көрсету-
көрсетпеуді және иесі туралы ақпаратты теңшеу-теңшемеуді
таңдаңыз.
• Құлыптау таймері – экранның күту уақыты біткеннен
экранның автоматты түрде құлыпталуына дейін қалған уақыт
мөлшерін орнатуға мүмкіндік береді.
• Қуат түймесі дереу құлыптайды – Қуат/құлып пернесі
басылғанда экранды бірден құлыптау үшін белгілеңіз. Бұл
параметр қауіпсіздік құлыптау таймерінің параметрінен басым
болады.
Негізгі сенсорлы түймешіктер
Барлық экрандардың төменгі жағында көрсетілетін негізгі
экранның сенсорлы пернелерін орнатыңыз. Көрсетілетіндерін,
жолақтағы орнын және қалай көрінетінін орнатыңыз. Пернелер
мен ретін, тақырып пен фонды таңдаңыз.
< Шрифт >
Шрифт түрі – телефон мен мәзірлерге пайдаланылатын қаріп
түрін орнатады.
Шрифт көлемі – телефон мен мәзірлерде көрсетілетін қаріп
өлшемін орнатады.
Параметрлер