Owner's Manual
7Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
• Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет болғанда,
құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
• Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен ауыстыру
жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын
бөлшекпен бірдей болу керек.
• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан алшақ
жерде ұстаңыз.
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен аулақ
жерде сақтау керек.
• Түсіріп алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Арнайы ережелер арқылы талап етілген жерлерде құрылғыны
өшіріңіз. Мысалы, құрылғыны емханаларда пайдаланбаңыз, себебі ол
медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда құрылғыны ылғал қолмен ұстауға болмайды. Ол ток
соғуды тудырып, құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
• Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені
гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш немесе
спирт қолданбаңыз).
• Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
• Құрылғыны жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
• Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.
• Құрылғыны кредит картасы немесе көлік билеттері жанында ұстамаңыз,
ол магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
• Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, ол құрылғыны зақымдауы
мүмкін.
• Құрылғыға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғал жерге қоймаңыз.
• Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап пайдаланыңыз. Қажет
болмаса, антеннаға тимеңіз.
• Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті пайдаланбаңыз,
ұстамаңыз және алуға немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде
қолданбағаннан болған әйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.