Owner's Manual

8Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Құрылғыңыз — қалыпты жұмыс кезінде ыстық шығаратын электрондық
құрылғы. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті желдеткіштің жоқтығынан терімен
тікелей байланыста болу ыңғайсыздықты немесе болмашы күйікті
тудыруы мүмкін. Сондықтан, құрылғыны пайдалану барысында немесе
одан кейін абайлап ұстаңыз.
Құрылғыңыз ылғалданып қалса, оны дереу ажыратып, толығымен
құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш, микротолқынды пеш
немесе шаш кептіргіш сияқты сыртқы жылыту көзін пайдаланбаңыз.
Ылғал құрылғы ішіндегі сұйықтық құрылғының ішіндегі өнім
жапсырмасының түсін өзгертеді. Сұйықтық әсерінен болған құрылғының
зақымдануы кепілдікке кірмейді.
Құрылғының тиімді жұмысы
Электрондық құрылғылар
Барлық құрылғылардың жұмысына әсер ететін кедергілер болуы мүмкін.
Мобильді телефонды рұқсатсыз медициналық жабдықтардың жанында
рұқсатсыз пайдаланбаңыз. Телефоныңыздың жұмысы медициналық
құрылғының жұмысына кедергі келтіру мүмкіндігін анықтау үшін
дәрігермен кеңесіңіз.
Кардиостимулятор өндірушілер кардиостимулятормен туындайтын
ықтимал кедергілердің алдын алу үшін басқа құрылғылармен арасын 15
см етіп қалдыруды ұсынады.
Бұл құрылғы жарықтық немесе неонды жарық шығаруы мүмкін.
Құрылғылар кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио құралдарына, компьютерлерге,
т.б. әсер етуі мүмкін.
Құрылғыны мүмкіндігінше 0 ºC және 40 ºC аралығындағы температурада
пайдаланыңыз. Құрылғыға аса төмен немесе жоғары температуралардың
әсер етуі нәтижесінде зақым келуі, бұзылуы немесе тіпті жарылыс орын
алуы мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде аймақтағы құрылғыларды пайдалану туралы заңды және
нұсқауларды тексеріңіз.
Көлік жүргізгенде қолда ұсталатын құрылғыны пайдаланбаңыз.
Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.