Owner's Manual

Негізгі функциялар 35
Экран құлпы
Экранды құлыптау опциясына шолу
Қуат/құлып пернесін бассаңыз, құрылғы экраны өзі өшіп,
құлыптанады. Сондай-ақ, осындай жағдай құрылғы белгілі бір уақыт
аралығында тұрып қалғаннан кейін болады.
Қуат/құлып пернесін экран құлпы орнатылмаған кезде бассаңыз,
басты экран дереу пайда болады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және құрылғыңызды ешкім
рұқсатсыз ақтармау үшін, экран құлпын орнатыңыз.
Экранды құлыптау құрылғы экранына қажетсіз сенсорлы енгізудің
алдын алады және батарея қуатының жұмсалуын азайтады.
Құрылғыны пайдаланбаған кезде экран құлпын іске қосу ұсынылады.
Экран құлпының параметрлерін
конфигурациялау
Экран құлпының параметрлерін конфигурациялау үшін бірнеше
опция қолжетімді.
1
Баптаулар Қауіпсіздік Экран құлпы тармағын
түртіп, қажетті әдісті таңдаңыз.
2
Құлыптау параметрлерін реттеу:
Жоқ: Экран құлпы функциясын ажырату.
Жүргізу: Экранды құлыптан босату үшін, экранды сырғытып
өтіңіз.
Графикалық үлгі: Экранды құлыптан босату үшін, үлгіні
сызыңыз.
PIN:
Экранды құлыптан босату үшін, сандық құпиясөзді енгізіңіз.
Кілтсөз: Экранды құлыптан босату үшін, әріптер мен
сандардан тұратын құпиясөзді енгізіңіз.
Егер құрылғының құлпын ашпақшы болғанда 5 рет қате жіберсеңіз,
экран 30 секундқа блокталады.