Owner's Manual

Пайдалы қолданбалар 51
Есептегіш
Екі калькулятор түрін пайдалануға болады: қарапайым калькулятор
және ғылыми калькулятор.
1
Есептегіш белгішесін түртіңіз.
Ғылыми калькуляторды пайдалану үшін экранның оң жағында
орналасқан сырғыту тақтасын солға сырғытыңыз.
Есептеуді қайта бастау үшін ЖОЮ түймесін түртіп, басып
тұрыңыз.
Дыбыс жазу құралы
Маңызды оқиғаларда өзіңіздің немесе басқалардың дауысын жазып,
сақтауға болады. Жазылған дауыстық файлдарды ойнатуға немесе
олармен бөлісуге болады.
1
Дыбыс жазу құралы белгішесін түртіңіз.
2
белгішесін түртіңіз.
Жазуды кідірту үшін
белгішесін түртіңіз.
3
Жазуды аяқтау үшін белгішесін түртіңіз.
Файл автоматты түрде сақталады және алдын ала тыңдау
экраны пайда болады.
4
Жазылған дауысты ойнату үшін белгішесін түртіңіз.
Радио
FM радиосын тыңдауға болады.
Радио белгішесін түртіңіз.
Осы қолданбаны пайдалану үшін алдымен құлақаспапты
құрылғыға жалғаңыз. Құлақаспап радиоантенна болады.
Аймаққа байланысты бұл функцияға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.