Owner's Manual

Телефон параметрлері 64
Бұл опция ұялы деректерді пайдаланады және тарифтік жоспарға
байланысты деректерді қолдану үшін ақы алынуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс операторымен кеңесіңіз.
Қосымша ақпарат мына веб-сайтта қолжетімді:
http://www.android.com/tether#Bluetooth_tethering
VPN
Интражелі сияқты қауіпсіз виртуалды желіге қосыла аласыз.
Сондай-ақ, қосылған виртуалды жеке желілерді басқаруға болады.
VPN мекенжайын қосу
1
Параметрлер экранында Тағы VPN тармағын түртіңіз.
2
белгішесін түртіңіз.
Егер экран құлыпталмаса, хабарландыру экраны пайда
болады. Хабарландыру экранындағы OK түймесін түртіп,
экранды құлыптаңыз.
3
VPN мәліметтерін енгізіп, САҚТАУ түймесін түртіңіз.
VPN параметрлерін конфигурациялау
1
VPNS тізімінен VPN параметрін түртіңіз.
2
VPN пайдаланушысының тіркелгі мәліметтерін енгізіп, ЖАЛҒАУ
түймесін түртіңіз.
Мобильді желілер
Ұялы деректер параметрлерін реттеуге болады.
1
Параметрлер экранында түртіңіз: Тағы Мобильді желілер.
2
Төмендегі параметрлерді реттеңіз:
Деректер роумингі: роуминг кезінде деректер қызметтеріне
қосылу.
Қалаулы желі түрі: Желі түрін таңдау.