Owner's Manual

Телефон параметрлері 71
Сақтық көшірме және қайта орнату
Құрылғыда сақталған файлдарды басқа құрылғыға немесе тіркелгіге
сақтық көшірме жасауға болады. Қажет болса, құрылғыны қалпына
келтіріңіз.
1
Параметрлер экранында түртіңіз: Сақтық көшірме және қайта
орнату.
2
Төмендегі параметрлерді реттеңіз:
Деректерге резервтік көшірме жасау: Google серверіне
қолданба деректерінің, Wi-Fi құпиясөзінің және басқа
параметрлердің сақтық көшірмесін жасау.
Сақтық көшірме тіркелгісі: Пайдаланылып жатқан ағымдағы
сақтық тіркелгіні көру.
Автоматты түрде қайта орнату: Қолданбаны қайта орнатқан
кезде сақтық көшірме параметрлері мен деректерді автоматты
түрде қалпына келтіру.
Желі параметрлерін қайта орнату: Wi-Fi, Bluetooth және
басқа желі параметрлерін қалпына келтіру.
Зауыттық деректерді қалпына келтіру: Құрылғының барлық
параметрлерін қалпына келтіру және деректерді жою.
Құрылғыны қалпына келтіру оның барлық деректерін жояды.
Құрылғыңыздың атын, Google тіркелгісін және басқа да бастапқы
ақпаратты қайта енгізіңіз.
Жүйе
Күн мен уақыт
Құрылғыңыз үшін күн және уақыт параметрлерін реттеуге болады.
1
Параметрлер экранында түртіңіз: Күн мен уақыт.
2
Параметрлерді реттеңіз.