Owner's Manual

Қосымша 83
(2) Тасымалдау
Өнім тасымалдаудың осы түріне қолданылатын тауарларды
тасымалдау ережелеріне сай келетін кез келген көлік түрімен
тасымалданады.
Тасымалдау зақымдалуды болдырмайтын жағдайларда жүзеге
асырылуы керек.
Өнімді тиеу-түсіріп алу кезінде соғып алмаңыз.
(3) Сату
Өнімдерді сату сатылатын елдің ағымдағы заңнамасында
белгіленген ережелерге сәйкеес орындалады.
(4) Кәдеге жарату
Ескі электр бұйымдарының құрамында қауіпті заттар болуы
мүмкін, сол себепті ескі құрылғыны дұрыс тастау қоршаған ортаға
және адам денсаулығына тигізетін теріс әсердің алдын алуға
көмектеседі. Ескі құрылғыңызда басқа өнімдерді жөндегенде
қайта пайдалануға болатын бөлшектері және шектеулі қорды
сақтау үшін қайта пайдалануға болатын құнды материалдары
болуы мүмкін.
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты
қала әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнім
сатушыларынан алуға болады.
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне
сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші
рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын
көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін
сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ
сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама
материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.