Owner's Manual

Негіздер
26
Батареяның қызмет мерзімін
оңтайландыру
Фонда үнемі қосылып тұруға тиісті емес мүмкіндіктерді өшіріп,
батареяның жұмыс мерзімін ұзартыңыз. Қосымшалар мен
жүйелік ресурстардың батарея қуатын пайдалану тәсілін
реттеуге болады.
Құрылғы батареясының қызмет ету мерзімін
ұзарту
•
Пайдаланбаған кезде радио байланыстарын өшіріңіз. Егер
Wi-Fi, Bluetooth
®
немесе GPS функциясын қолданбасаңыз,
оларды өшіріңіз.
•
Экранның жарықтығын азайтып, экранның сөнетін мерзімін
қысқартыңыз.
•
Gmail, Күнтізбе, Контактілер және басқа қосымшалардың
автоматты түрде синхрондалу мүмкіндігін ажыратыңыз.
•
Жүктеп алынған кейбір қосымшалар батареяның қуатын
тұтынуы мүмкін.
•
Жүктелген қосымшаларды пайдаланғанда, батареяның
зарядталу деңгейін тексеріңіз.
Жад картасын салу
Құрылғы 32 ГБ-қа дейінгі microSD картасын қолдайды. Жад
картасы өндірушісіне және түріне байланысты кейбір жад
карталары құрылғымен үйлесімсіз болады.
АБАЙЛАҢЫЗ
•
Кейбір жад карталары құрылғымен толығымен үйлесімді
болмайды. Үйлесімсіз картаны пайдалану құрылғыға немесе жад
картасына зақым келтіруі мүмкін немесе сақталған деректерді
бұзуы мүмкін.