Owner's Manual

Қосымша
75
Құрылғының бағдарламалық
құралын жаңарту
LG құрылғысының бағдарламалық құралын
сымсыз (OTA) стандарты арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік құрылғының микробағдарламасын OTA арқылы,
USB деректер кабелімен қосусыз ыңғайлы жаңартуға
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ
микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол
жетімді болады.
Алдымен телефондағы бағдарламалық құралдың нұсқасын
тексергеніңіз жөн: Баптаулар > Телефон ақпараты > Жүйе
жаңартулары.
ЕСКЕРТПЕ
•
Ішкі құрылғы қоймасындағы жеке деректеріңіз—соның ішінде
Google есептік жазбаңыз бен барлық басқа есептік жазбаларыңыз
туралы ақпарат, жүйе/қолданба деректері мен параметрлері,
барлық жүктеп алынған қолданбалар және DRM лицензияңыз —
құрылғының бағдарламалық құралын жаңарту процесі кезінде
жоғалуы мүмкін. Сондықтан, LG компаниясы құрылғыңыздың
бағдарламасын жаңартпастан бұрын жеке деректердің сақтық
көшірмесін жасауды ұсынады. LG компаниясы жеке деректердің
жоғалуына жауапты болмайды.
•
Бұл мүмкіндік желі қызметінің провайдеріне, аймаққа немесе
мемлекетке байланысты.
•
LG компаниясы микробағдарлама жаңартуларын өз қалауы
бойынша тек таңдаулы үлгілерге қол жетімді ету құқығын өзінде
қалдырады және микробағдарламаның ең соңғы нұсқасы
телефондардың барлық үлгілері үшін қол жетімді болатынына
кепілдік бермейді.
•
Батарея зарядының жеткіліксіздігінен бағдарламалық құралды
жаңарту барысында кездейсоқ өшіп қалудан қорғау үшін
батареяны әрдайым толық зарядтап отыру керек. Құрылғының
бағдарламалық құралын жаңарту барысында батареяларды
шығармаңыз.